Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес және Маңғыстау облыстық әділет департаментінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 10-11-2107 ақпараттық хаты негізінде, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2305 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 қарашадағы № 45 "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
8) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" Маңғыстау облыстық филиалы.".
Келесі мазмұндағы 6-1 тармағымен толықтырылсын:
"Өрлеу" жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемелекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы;
шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – "Өрлеу" жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
үміткер - "Өрлеу" жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан жүгінген адам;
ШАК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) беріледі;
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және ШАК төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады;
отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады;
отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі;
ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді;
ШАК-тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс;
үміткер "Өрлеу" жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға жүгінеді;
құжаттар салыстырылып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;
уәкілетті орган немесе ассистент үміткерге "Өрлеу" жобасына қатысу шарттары туралы консультация береді және үміткер қатысуға келісім берген жағдайда әңгімелесу жүргізеді.
Әңгімелесу жүргізу кезінде:
1) үміткердің ШАК алуға құқығы;
2) әлеуметтік бейімдеу бойынша көрсетілетін шаралар түрлері;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағиданың 5, 6 қосымшаларына сәйкес әңгімелесу парағы ресімделеді және өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырылады.
Ескерту: (Осы 2015 жылғы 8 шілдедегі № 39/317 шешімінің 6-1 тармағы -2016 жылы 01 қаңтарға дейін қолданыста болады).
3) тармақша жаңа абзацтармен толықтырылсын:
"1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысының ардагерлері (Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері), батыр қалаларды және әскери даңқ қалаларына баруын, Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының қатысушы мемлекеттердің аумағындағы шайқас болған жерлерге, қазақстандық жауынгерлер жерленген жерлерге бару үшін жауынгерлердің отбасы мүшелері, (әрі қарай – шайқас болған және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерлерге баруға қатысушылар);
Жауынгерлердің отбасы мүшелері жерленген жерлерге 2 (екі) адамнан көп емес – жауынгердің отбасы мүшесі және оған ілесіп жүруші немесе 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагері және оған ілесіп жүруші жолданады;
Шайқас болған және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерлерге баруға қатысушыларға әлеуметтік көмек барып келген соң нақты шығындар бойынша, жиынтық табысын есептеместен, бір рет әр адамға 150 000 (бір жүз елу мың) теңгеден артық емес мөлшерде әлеуметтік көмек растайтын құжаттарымен арызы бойынша беріледі.".
Ескерту: (Осы 2015 жылғы 8 шілдедегі № 39/317 шешімінің 9 тармақтың 3) тармақшасына толықтырылған абзацтар - 2016 жылы 01 қаңтарға дейін қолданыста болады).
29 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"29) Қазақстан Республикасының Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының (адамның) жиынтық табысының деңгейі айқындалады.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Р.Таумұрынов).
3. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (И.Орынбеков) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Машқұлов |
Қалалық Мәслихат хатшысы |
С. Мыңбай |
КЕЛІСІЛДІ:
"Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекеменің басшысы
Б.Маркашова
08 шілде 2015 жыл.
"Жаңаөзен қалалық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Р.Джантлеуова
08 шілде 2015 жыл.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 8 шілдедегі № 39/317 шешіміне № 5 қосымша |
"Өрлеу" жобасына қатысу үшін әңгімелесу парағы
Өтініш берушінің Т.А.Ә.______________________________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә.
_____________________________________________________________________
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек алуға жүгінген күн _____________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері):
Отбасы | Кәсібі | Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері |
Жалпы | Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі | Еңбек дағдылары мен шеберлігі | Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы |
Өтініш беруші | ||||||
Зайыбы (жұбайы) | ||||||
Басқа |
Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):
Өтініш беруші: ______________________________________________________
Зайыбы
(жұбайы): ____________________________________________________
Отбасының басқа да ересек мүшелері: _________________________________
Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас ____________________________ _____________________________________________________________________
Отбасындағы қиындықтар ______________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________
Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының бағасы _______________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________
Проблемалар, алаңдаушылық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі келтіреді? __________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы _________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________Басқа _______________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тараптардың қолы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік Қатысушы(лар)
бағдарламалар бөлімі
___________________ (қолы) _________________ (қолы)
___________________ (күні) _________________ (күні)
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015жылғы 8 шілдедегі № 39/317 шешіміне № 6 қосымша |
"Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш берушінің отбасылық және
материалдық жағдайы туралы сауалнама
Бір мекен-жай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы мүшелері туралы мәліметтер: | |||||
Т.А.Ә. | Туған күні | Туыстық қатынасы | Негізгі қызметі (жұмыс істеуші, жұмыс істейтін зейнеткер, жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруасындағы әйел, студент, оқушы, мектеп жасына дейінгі бала) | Жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс орны және лауазымы, оқушылар үшін қазіргі уақыттағы оқу орны | 15 жастан асқан адамдар үшін білімі (растайтын құжаты бар білімі) |
Өтініш беруші | |||||
Басқа мекенжай бойынша тіркелген отбасы мүшелері туралы мәліметтер (зайыбы/жұбайы, кәмелеттік жасқа толмаған балалары) | |||||
Мектеп жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі ұйымға бара ма _____
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 12 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған деректер шартты ақшалай көмек сомасын есептеу үшін негіз болып табылады
* Отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы:
тұрғын алаңы: __________ шаршы метр; меншік нысаны: _______________;
ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны _______;
тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, авариялық жағдайда, жөнделмеген);
қажеттісінің астын сызу
үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, саман, іргетасы жоқ саман, қол астындағы материалдардан салынған, уақытша баспана, киіз үй);
қажеттісінің астын сызу
тұрғын үйдің жайластырылуы (су құбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ, жуынатын бөлме, лифт, телефон және т.б.)
қажеттісінің астын сызу
_____________________________________________________________________
Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын
мүлік пен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы
шаруашылықты иеленуі туралы мәліметтер:
Мүліктің түрі | Мүліктің сипаттамасы (саны, көлемі, үлгісі және т.б.) | Тиесілігі |
Отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы, мүгедектіктің, аурулардың болуы
(тексеруден қашан және қайдан өтті, қандай ем қабылдайды, диспансерлік есепте тұра ма), соңғы жылдары болған операциялар немесе
жарақаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
-өтініш беруші _______________________________________________________
-зайыбы (жұбайы) _____________________________________________________
-балалар _____________________________________________________________
-басқа да туысқандар _________________________________________________
-16 жасқа дейінгі мүгедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар)
алатын арнаулы әлеуметтік қызметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының материалдық жағдайына Сіздің беретін бағаңыз:
-тамақтануға да жетпейді
-тамақтануға ғана жетеді
-тамақтануға және бірінші қажеттіліктегі заттарға ғана жетеді
-балаларды киіммен, аяқ киіммен және мектеп керек-жарақтарымен
-қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ
Өмірдегі қиын жағдайдан шығуды көздейтін қызметтің бағыттары (өтініш
берушінің пікірі)
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса
аласыз:
- бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;
- іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс орындарына орналасу;
- микрокредит беру;
- кәсіптік оқу (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру);
- әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
- "Жастар практикасына" қатысу;
- әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық
әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға
қатысу.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________ _________________________ _________________
(күні) (Т.А.Ә.) (қолы)