"Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 172 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 шілдеде № 2767 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 шілдедегі № 233 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 13.07.2016 № 233 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және "Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Жаңбыршиев), қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын, сонымен қатар уәкілетті мемлекеттік органның интернет ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Л.Жонасовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Е.Махмутов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Маңғыстау аудандық құрылыс

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      Н.Жаңбыршиев

      18 маусым 2015 жыл

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 18 маусымдағы
№ 172 қаулысымен бекітілген

"Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Маңғыстау ауданды қ құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Маңғыстау ауданының аумағында құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзінің атауымен мөрi мен мөртаңбалары бар, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      5. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемеcі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сай бекiтiледi.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 130400, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы, Орталық алаң, 1 үй.

      9. Мемлекеттiк органның толық атауы: "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      10. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау ауданының әкімдігі болып табылады.

      11. Осы Ереже "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      14. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      15. Миссиясы: аудан аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу.

      16. Міндеттері:

      1) Маңғыстау ауданының бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын іске асыру;

      2) құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) реконструкциялау, қалпына келтіру және құрылысты күрделі жөндеу, ғимараттар, инженерлік және көлік коммуникациялар туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау жөнінде және абаттандыру, көгалдандыру, құрылысты (объектілерді) консервациялау, объектілерді кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

      3) қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және аудан құрылысын іске асыру.

      15. Функциялары:

      1) аудандық коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік - мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

      2) құрылыс-монтаждық жұмыстарды жобалауға, құрылысқа арналған құжаттарды дайындайды және конкурстарды өткізеді;

      3) ауданың су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын ұйымдастырады;

      4) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын ұйымдастырады;

      5) жергілікті бюджет, облыстық бюджеттің арнайы трансферттері есебінен салынатын объектілердің құрылысына, реконсрукциялануына техникалық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

      16. Құқықтары және міндеттері:

      1) мемлекеттік қаражаттарды жоспарлауға және бөлуге қатысуға, жобалау-іздестіру жұмыстары, әлеуметтік-мәдени, коммуналдық мақсаттағы объектілердің құрылысына және ипотекалық несиелендіру қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысына арналған аудан бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныс енгізуге;

      2) құрылыстың келешекті жоспарларын әзірлеуге, құрылыс бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысуға;

      3) төтенше жағдайларды ескерту және коммуналдық меншік объектілерінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша органдармен бірге әзірленген іс-шаралар барысына бақылауды жүзеге асыруға;

      4) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізуге;

      5) құзыретіне сәйкес қабылдауға болжамдаған нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді дайындауды, әзірлеуді жоспарлауға;

      6) әзірлеуші " Маңғыстау ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылатын Маңғыстау ауданы әкімдігімен бұрын қабылданған құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуына және қолдану өзектілігіне тексеріс жүргізуге;

      7) көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына, оның ішінде бюджет қаражаттарының игерілуіне тұрақты бақылауды және мониторингіні қамтамасыз етуге;

      8) Маңғыстау ауданы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуы үшін қажетті барлық шараларды қабылдауға;

      9) мердігерлік ұйымдармен шарттық міндеттердің сапалы және уақытында орындалуына бақылауды қамтамасыз етуге, олар тиісті орындалмаған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шараларды қабылдауға;

      10) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, меншік нысанына қарамастан лауазымды тұлғалардан " Маңғыстау ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген қызметтерді және міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;

      11) құрылыс нормалары мен техникалық шарттарды бұза отырып жобадан ауытқумен орындалған мердігер ұйымдарының жұмыс өндірісі кезіндегі бұзушылықтарды жоюды талап етуге.

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындауға.

      3. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      19. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      20. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      21. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:

      1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;

      2) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;

      3) мекеменің құзыретіне мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;

      4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;

      5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;

      6) шарттар жасасады;

      7) сенімхаттар береді;

      8) банк есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;

      9) қызметкерлердің іссапарларының, сынақтан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

      12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      23. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      25. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау ауданы әкімдігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      26. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады