Кейбір Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 35/374 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 тамызда № 2804 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 21 шілдедегі № 6/42 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 21.07.2021 № 6/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 11.07.2016 № 3/37 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Кейбір Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Маңғыстау селосы бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 8 мамырдағы № 15/161 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-7-45 болып тіркелген, "Мұнайлы" газетінде 2009 жылғы 19 маусымда жарияланған):

      тақырыбында және 1-тармағында "селосы" деген сөз "ауылы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.";

      1-қосымшасында:

      "селосын" деген сөз "ауылын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-қосымшасында:

      "селосы" деген сөз "ауылы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) "Маңғыстау селосы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 8 мамырдағы № 15/162 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-7-46 болып тіркелген, "Мұнайлы" газетінде 2009 жылғы 19 маусымда жарияланған):

      тақырыбында және 1-тармағында "селосы" деген сөз "ауылы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.";

      1-қосымшасында:

      "селосын" деген сөз "ауылын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-қосымшасында:

      "селосы" деген сөз "ауылы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Г.Себепбаева
      Аудандық мәслихат хатшысы Б.Назар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұнайлы аудандық жер қатынастары

      бөлімі" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      Ә. Өтегенов

      23 шілде 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұнайлы ауданы бойынша

      мемлекеттік кірістер басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушы

      М. Төлемісов

      23 шілде 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұнайлы аудандық сәулет және

      қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін атқарушы

      Ж.Джалтармаева

      23 шілде 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады