2015 жылға сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 121 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 сәуірде № 5518 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2015 жылға сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

Әкімдіктің       
2015 жылғы 2 сәуірдегі 
№ 121 қаулысымен бекітілген

Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің
бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері

Ауылшаруашылық өнімнің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/л (теңге/кг)

Сүт

Сары май

16,0

Сүт

Қатты ірімшік

20,0

Сүт

Құрғақ сүт

15,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады