"Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 273 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 шілдеде № 5778 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 166 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің03.04.2017 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңыңың 27-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Садуақасов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 25 маусымдағы
№ 273 қаулысымен бекітілді

"Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінiң ведомстволары жoқ.
      3. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Шайсұлтан Шаяхметов көшесі, 88.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және дамуына ықпал ету.
      15. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      жер реформаларын жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
      16. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану (өндiру жөнiндегi;
      бiрлескен барлау және өндiру жөнiндегi; барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн), магистральды құбыржолдар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөнiндегi объектiлердi салу (реконструкциялау) мақсаттары үшiн, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң индустриялық-инновациялық жобалары, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды iске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшiн, магистральды құбыржолдар салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      3) облыстың жергiлiктi атқарушы органының мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжiрибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттiк тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
      4) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерiн жасанды ғимараттар салу үшiн беру жөнiндегi облыстың жергiлiктi атқарушы органының ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
      5) жердi резервте қалдыру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
      6) өз құзыретi шегiнде мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту;
      7) өз құзыретi шегiнде жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;
      8) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;
      9) облыстың жердi аймақтарға бөлу жобаларын, жердi ұтымды пайдалану жөнiндегi жобалары мен схемаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
      10) өз құзыретi шегiнде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастыру;
      11) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiн қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргiзу;
      12) өз құзыретi шегiнде жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      13) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректерi негiзiнде облыстың жер балансын жасау;
      14) осы Кодекстiң 71-бабына сәйкес облыстың жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      15) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      17) жер-кадастрлық жоспарды бекiту жатады;
      18) орталық уәкiлеттi органға осы Кодекстiң 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде жер учаскелерi мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;
      19) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi органға осы Кодекстiң 94-бабы 2-тармағының үшiншi бөлiгiне сәйкес жер учаскесiне ауыртпалықты белгiлеуге және тоқтатуға өтiнiш беру жатады.
      20) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
      21) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
      22) мемлекеттік қызмет көрсету;
      23) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз қызметін басқа атқарушы билік органдарымен өзара іс–қимыл жасауды жүзеге асыру, өз құзіреті шегінде шешімдер қабылдау;
      2) азаматтар мен лауазымды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан жерді қорғау және пайдалану мәселелері бойынша қажетті ақпараттарды сұрау және алу;
      3) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар алуға, жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасу, сотта жауапкер және талапкер болу;
      4) "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу;
      5) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеруін қамтамасыз ету;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшының өкілеттігі:
      1) "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіндегі бөлім басшыларының және басқа да жауапты қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;
      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шаралар қолданбағаны үшін дербес жауап береді;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, оның ішінде жеке еңбек шарты бойынша, және жұмыстан босатады;
      4) "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады;
      6) "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады және нұсқау береді;
      7) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес атқарушы органдар мен ұйымдарда "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұсынады;
      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады