Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 28.03.2018 № 233 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 422-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшерін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-122 тіркелген, 2009 жылғы 9 сәуірде "Қостанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:
реттік нөмірі 6 жолда:
"12" деген сандар "10" деген сандарға ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, № 9 сайлау округі бойынша депутаты |
И. Бибин |
Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы |
Н. Халыков |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Қостанай облысы
бойынша мемлекеттік кірістер
департаментінің Қостанай қаласы
бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ С. Доненбаев
"Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Н. Дорошок