«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Амангелді ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Т. Карбозовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 10 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі Ж. Таукенов
КЕЛІСІЛДІ:"
Амангелді ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Е. Ещанов
Әкімдіктің 2015 жылғы
22 мамырдағы № 106
қаулысына қосымша
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға
жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша
Амангелді ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы
мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
№ |
Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi |
Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы |
|
Дәнді дақылдар |
|||
1 |
Жаздық жұмсақ бидай |
2015 жылғы 15 мамырдан 2 маусымға дейін |
|
2 |
Арпа |
2015 жылғы 15 мамырдан 5 маусымға дейін |
|
3 |
Сұлы |
2015 жылғы 15 мамырдан 5 маусымға дейін |
|
4 |
Тары |
2015 жылғы 20 мамырдан 5 маусымға дейін |
|
Майлы дақылдар |
|||
1 |
Күнбағыс |
2015 жылғы 10 мамырдан 22 мамырға дейін |
|
2 |
Рапс |
2015 жылғы 20 мамырдан 28 мамырға дейін |
|
3 |
Зығыр |
2015 жылғы 12 мамырдан 28 мамырға дейін |
|
4 |
Мақсары |
2015 жылғы 10 мамырдан 22 мамырға дейін |
|
5 |
Қыша |
2015 жылғы 22 мамырдан 30 мамырға дейін |