"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Ж. Тальтеков |
Әкімдіктің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 86 қаулысымен бекітілген |
"Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар: "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ветеринариялық станция" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
3. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Досқали Асымбаев көшесі, 51.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлермен "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өз құзыреті шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.15. Міндеттері:
1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
2) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою.
16. Функциялары:
1) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;
3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
4) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырады (зарарсыздандыру) және қайта өңдеуін ұйымдастырады;
6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;
7) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің тізімін бекітеді;
8) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;
9) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
10) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
13) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізеді;
14) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізеді;
15) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастырады;
16) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ауданның ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізеді;
17) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастырады;
18) жергілікті мемлекеттік басқару мүдесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Ведомствоның функциялары:
1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
4) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды өткізу;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беру;
6) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
7) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасының заңдарын, облыс және аудан әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын орындау барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюды талап ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуы және оның функцияларын жүзеге асыруға жауапты болатын басшы жүзеге асырады.20. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Жітіқара ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға жеке жауапты болады, энзоотикалық және жануарлардың ерекше қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге бөлінген бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды қамтамасыз етеді;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жеке жауапты болады;
4) бұйрықтарға, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
5) заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;
6) заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерді мадақтайды және оларға тәртіптік жаза салады;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда мемлекеттік мекемені ұсынады;
8) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты, оларды қабылдау, тіркеу және есепке алу жағдайын ұйымдастыруға жеке жауапты;
9) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы занңамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
23. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.