"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Жітіқара ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 01-20/176 ұсынысы негізінде Приречный ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жітіқара ауданы Приречный ауылында орналасқан "Приречное Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара мал бруцеллезінің пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жітіқара аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 23 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Приречный ауылының әкімі | Н. Уразалинов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Жітіқара ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ С. Сарымсаков
2015 жылғы 2 қыркүйек
"Қазақстан Республика Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің
Жітіқара аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ Т. Нургазин
2015 жылғы 2 қыркүйек
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қостанай
облысы тұтынушылардан
құқықтарын қорғау
департаментінің Жітіқара
аудандық тұтынушылардын
құқықтарын қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ Ж. Спабеков
2015 жылғы 2 қыркүйек