"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 2 қыркүйектегі № 01-20/311 ұсынысы негізінде Жітіқара ауданы Приречный ауылының әкімі ШЕШТІ:
1. Жітіқара ауданы Приречный ауылы мекенжайы бойынша орналасқан "Приречное-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағындағы шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Жітіқара ауданы Приречный ауылы әкімінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 1 шешімі жойылды деп саналсын (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 5868 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 қыркүйегінде "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 12 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Жітіқара ауданы Приречный ауылының әкімі |
С. Ходзинский |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жітіқара ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ Т. Рамазанов
2017 жылғы 26 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетінің Жітіқара аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Т. Нургазин
2017 жылғы 26 қаңтар