Қарасу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 243 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақыларын және тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 185 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 тамызда № 5840 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 21.01.2016 № 9 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабының 1-тармағы 2)-тармақшасына238-бабының 3-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 4 қарашадағы №243 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақыларын және тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4332 тіркелген, 2013 жылғы 26 желтоқсандағы "Қарасу өңірі" аудандық газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      осы қаулынің қосымшасыдағы 4-тармағы мынадай мазмұндағы 3), 4), 5)-тармақшаларымен толықтырылсын:
      "3) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынің басшысы;
      4) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
      5) жаттықтырушы.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі                     А. Шәмшиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қарасу аудандық
      маслихаттың хатшысы
      _________ С. Қазиев
      2015 жыл 29.07

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады