Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 72 "Таран ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 3 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 ақпанда № 5349 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 160 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 16.05.2016 № 160 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Таран ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 72 "Таран ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4527 тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірде "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Таран ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі 3-тараудың 20-тармағы алынып тасталсын:
      17-тармақ мынадай мазмұндағы 22-1), 22-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "22-1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізу;
      22-2) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;";
      3-тарау мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
      "21-1. Таран ауданы әкімінің аппаратына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Таран ауданы әкімі аппаратының басшысы жетекшілік жасайды.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Таран ауданының әкімі Б. Өтеулин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады