"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Таран ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Таран ауданы бойынша өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсiн:
1) жазғы дәнді дақылдар (бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық) 2015 жылғы 15 мамырдан 12 маусымға дейiн;
2) дәнді бұршақты дақылдар (аңқа, жасымық, асбұршақ) 2015 жылғы 15 мамырдан 10 маусымға дейін;
3) майлы дақылдар (рапс, күнбағыс) 2015 жылғы 10 мамырдан 8 маусымға дейiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р.М. Сейдахметовке жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 10 мамырдан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі Б. Өтеулин