"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес және 2015 жылғы 26 мамырдағы № 1-137 "Қостанай ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынысы негізінде, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылдың 15 маусымнан 23 маусымға дейін субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2. 2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ө.Ш. Ибрагимовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Ұзынкөл ауданының әкімі А. Ыбраев
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 143 қаулысына қосымша
2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы |
Себу мерзімдері |
1. |
Жаздық бидай |
15 мамырдан 12 маусымға дейін |
2. |
Күздік бидай |
25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін |
3. |
Жаздық қатты бидай |
18 мамырдан 05 маусымға дейін |
4. |
Сұлы |
15 мамырдан 15 маусымға дейін |
5. |
Арпа |
15 мамырдан 15 маусымға дейін |
6. |
Тары |
20 мамырдан 15 маусымға дейін |
7. |
Қарақұмық |
20 мамырдан 15 маусымға дейін |
8. |
Бұршақтұқымдас дақылдар |
15 мамырдан 10 маусымға дейін |
9. |
Күнбағыс |
10 мамырдан 05 маусымға дейін |
10. |
Рапс |
20 мамырдан 08 маусымға дейін |
11. |
Зығыр |
12 мамырдан 05 маусымға дейін |
12. |
Мақсары |
10 мамырдан 02 маусымға дейін |
13. |
Қыша |
22 мамырдан 08 маусымға дейін |
14. |
Арыш |
18 мамырдан 08 маусымға дейін |
15. |
Қытай бұршақ (соя) |
18 мамырдан 05 маусымға дейін |
16. |
Картоп |
05 мамырдан 10 маусымға дейін |
17. |
Көкөністер |
25 сәуірден 15 маусымға дейін |
18. |
Жемшөптік дақылдар, оның ішінде, және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер |
бірінші мерзім - 1 мамырдан 10 маусымға дейін |
19. |
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптары шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер |
бірінші мерзім - 1 мамырдан 10 маусымға дейін |