Ақсу қаласы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 444/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 шілдеде № 4567 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы N 31/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 15.01.2016 N 31/1 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі "Iшкi сауда ережесiн бекiту туралы" № 371 қаулысына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сауда қызметінің субъектілерімен Ақсу қаласы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес орындар белгіленсін.
      2. Ақсу қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі "Ақсу қаласының селолық округтері аумағында орынға барып сауда жасайтын орындарды белгілеу туралы" № 544/4 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3906 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 тамыздағы № 62 “Ақсу жолы” және № 62 “Новый путь” газеттерінде жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Қ. Нүкенов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 10 маусымдағы
№ 444/6 қаулысына
қосымша

Сауда қызметінің субьектілерімен Ақсу қаласы
бойынша барып сауда жасайтын орындардың тізбесі

№ р/н
Атауы
Орналасқан жері
1.
Ақсу қаласы
Ленин көшесі 57 үйдің жанында;
Әуезов көшесі бойындағы 40 және 42 үйлер арасында;
Қамзин көшесі бойындағы 67 үйдің бүйір жағында ("Дәулет" дүкеніне қарсы);
Қамзин көшесі бойындағы № 27 үйдің маңында ("Рахима" дүкеніне қарсы);
Қамзин көшесі бойындағы 18 және 20 үйлердің арасында ("Ұрқия" дүкенінің алдында);
Әуезов көшесі бойындағы 83 А үйдің бүйір жағында;
Царев көшесі бойындағы 17 үйдің бүйір жағында ("Пахомовский" дүкенінің маңында);
Әуезов көшесі бойындағы 29 үйдің "АриИль" дүкеніне қарсы;
8 Наурыз көшесі бойындағы "Юбилейный" дүкенінің алдында;
Строителей көшесі бойындағы 22 және 26 үйлердің арасында;
қалалық бақ аумағында;
қалалық жағалау аумағында;
Әуезов көшесі бойындағы алаңда ("Азамат" дүкенінің алдында).
2.
Алғабас селолық округі
Алғабас ауылы, Коммунистическая көшесіндегі алаңда;
Жолқұдық ауылы, Ленинский-Русская поляна трассасының бойындағы алаңда ("Қасенов" ЖК дүкеніне қарама-қарсы);
Ребровка ауылында, Қазанғап би көшесіндегі алаңда (бастауыш мектепке қарама-қарсы);
Айнакөл ауылы, Центральная көшесі бойындағы ("Алғабас селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімшілік ғимаратына қарама-қарсы);
Көктас ауылы, Достық көшесіндегі бойындағы (бастауыш мектепке қарама-қарсы);
Қарабай ауылында, Жағалау көшесіндегі алаңда.
3.
Достық селолық округі
Достық ауылы, 1 Линия көшесі бойындағы ("Достық" орта мектебіне қарама-қарсы);
Парамоновка ауылы Молодежная көшесіндегі алаңда;
Пограничник ауылы Белорусская көшесіндегі алаңда.
4.
Евгеньевка селолық округі
Евгеньевка ауылы Гагарин көшесіндегі алаңда;
Үштерек ауылы Ленин көшесіндегі алаңда;
Сольветка ауылы Ленин көшесіндегі алаңда.
5.
Қалқаман селолық округі
Қалқаман ауылы Ленин көшесіндегі алаңда;
Ақжол ауылы Школьная көшесіндегі алаңда.
6.
Қызылжар селолық округі
Қызылжар ауылы, Гагарин көшесі бойындағы (Мәдениет үйіне қарама-қарсы);
Сарышығанақ ауылында Центральная көшесі бойындағы (Мәдениет үйіне қарама-қарсы).
7.
Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округ
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылы, Ш. Арғынбаев көшесіндегі алаңда;
Путь Ильича ауылы, Ленин көшесіндегі алаңда;
Құркөл ауылы, Алтай көшесіндегі алаңда.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады