Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 196/28 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 399/52 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 4900 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 08 шілдедегі N 43/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 08.07.2016 N 43/5 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 196/28 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3731 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 наурызда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінің № 24,25 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      8 тармақта:
      5) тармақшада:
      бірінші азат жолдағы "есепте тұрған" деген сөздер "қызмет көрсетілетін" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      үшінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын: "төмен және ең төменгі мөлшерде зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алатын адамдар;";
      6) тармақшада:
      бірінші азат жолы алып тасталсын;
      төртінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын: "кәмелетке толмаған балалары бар 3 топтағы мүгедек әйелдер;";
      сегізінші азат жолдағы "көру қабілеті бұзылған" деген сөздер "санаторлық-курорттық емделуді қажет ететін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9 тармақта:
      9 тармақтың атауынан "табыстарын есепке алмай" деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақшадағы: төртінші азат жолдағы "8-тармақтың 5) және 6) тармақшаларындағы бірінші абзацтарда көрсетілген санаттар үшін" деген сөздер "8-тармақтың 5) тармақшасындағы бірінші абзацта көрсетілген санаттар үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы азат жолдар алып тасталсын;
      18) азат жолдағы "көру қабілеті бұзылған" деген сөздер "санаторлық-курорттық емделуді қажет ететін" деген сөздермен ауыстырылсын және "оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі" деген сөздермен толықтырылсын;
      19) азат жолдағы "көру қабілеті бұзылған" деген сөздер "санаторлық-курорттық емделуді қажет ететін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "уәкілетті ұйымның тізімі негізінде" деген сөздер "жеке куәлігінің көшірмесі, мекенжай анықтамасы, санатың растайтын құжаттың көшірмесі, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада: бірінші азат жолдағы "уәкілетті ұйымның тізімі негізінде" деген сөздер "уәкілетті органның тізімі негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші азат жолдағы "5 АЕК" сөздері мен саны "6 АЕК" сөздері мен санына ауыстырылсын;
      келесі мазмұндағы 5) тармақшасымен толықтырылсын: табыстарын есепке ала отырып, біржолғы әлеуметтік көмек: 8-тармақтың 8) тармақшасындағы бірінші абзацта көрсетілген санаттар үшін өтініші, жеке куәлігінгінің көшірмесі, мекенжай анықтамасы, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі, шаруашылық жүргізу құқындағы "Ақсу орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасы негізінде 10 АЕК мөлшерінде;
      8-тармақтың 8) тармақшасындағы екінші абзацта көрсетілген санаттар үшін өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, мекенжай анықтамасы, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі, шаруашылық жүргізу құқындағы "Ақсу орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасы негізінде 5 АЕК мөлшерінде;
      8-тармақтың 8) тармақшасындағы үшінші абзацта көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмелері, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнаулы комиссияның шешімі бойынша (өрт болған кезде) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің немесе (су тасқыны кезде) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің қорытындысы (анықтамасы) негізінде 70 (жетпіс) АЕК дейінгі мөлшерде;
      8-тармақтың 8) тармақшасындағы төртінші абзацта және 11) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, мкенжай анықтамасы материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу актісі негізінде жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға 113 АЕК мөлшерінде."
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Г. Рубцов
      Қалалық мәслихат хатшысы М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады