Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 207/26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 маусымдағы № 329/39 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 шілдеде № 4573 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 тамыздағы № 58/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 19.08.2016 № 58/9 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, қолданыстағы заңнамамен сәйкестікке келтіру, мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3787 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы "Отарқа", 2014 жылғы 7 мамырдағы "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) № 207/26 шешімімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
      2-тармағы келесі мазмұндағы 12), 13), 14) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "12) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – әлеуметтік көмек тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;";
      "13) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;";
      "14) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шаралар – әлеуметтік орта жағдайына бейімдеу мақсатында арнаулы әлеуметтік қызметтер, мүгедектерді оңалту құралдары, сонымен қатар әлеуметтік қолдау шаралары ретінде қолданыстағы заңнамамен қарастрылған тәртіпте ұсынылатын шаралар;";
      8-тармағы келесі мазмұндағы 4) тармақшасымен толықтырылсын:
      "4) жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің алпыс пайызынан аспайтын болуы.";
      келесі мазмұндағы 14-1- тармағымен толықтырылсын:
      "14-1. Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмекке жүгінген отбасына (адамға) уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі консультация өткізу деңгейінде көмек көрсету шарттары туралы түсіндіреді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шартына келісім берген жағдайда азаматпен әңгімелесу жүргізеді, оның барысында отбасы (азаматтың) мәселелері туралы ақпаратты, өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіндігі туралы нақтылайды, сонымен қатар алдын-ала:
      1) әлеуметтік келісімшарт негізінде үміткердің әлеуметтік көмек алу құқығын;
      2) әлеуметтік бейімделу бойынша ұсынылатын шаралар түрлерін;
      3) жұмыспен қамтуға көмек көрсетудің мемлекеттік шараларын айқындайды.";
      келесі мазмұндағы 20-1-тармағымен толықтырылсын:
      "20-1. Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер отбасының (адамның) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылардан басқа және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданалатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
      Бұл ретте жиынтық табыс Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-б бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелген) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу Ережесіне сәйкес есептеледі.";
      келесі мазмұндағы 22-1-тармағымен толықтырылсын:
      "22-1. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш айда бір рет төленеді.";
      23-тармағы келесі мазмұндағы 3-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "3-1) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген күн көріс деңгейінен алпыс пайыз асуы.";
      25-тармағы келесі мазмұндағы 4-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "4-1) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты және әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелерін орындамауы және бұзылуы.";
      келесі мазмұндағы 3-1-бөлімімен толықтырылсын:
      "3-1. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау
      Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек алу құқығын анықтағаннан кейін уәкілітті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасының мүшелерін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы "Отбасының белсенділігіне әлеуметтік келісімшарт жасау нысандарын және отбасына көмек көрсетудің жеке жоспарын бекіту туралы" № 88 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес отбасына көмек көрсетудің жеке жоспарын әзірлеу және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақыртады".
      Бұл ретте үміткерлер оның ішінде, өздігінен жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар, осы Бөлімнің 3-тармағында қаралған жағдайды және 1, 2-топтардағы мүгедектерді, күндізгі оқыту түрінің оқушыларын, студенттерін, тыңдаушыларын, курсанттарды және магистранттарды қоспағанда, бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасау үшін Жұмыспен қамту орталығына жіберіледі не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді".
      Жеке жоспар өтініш берушімен және (немесе) оның отбасының мүшелерімен бірлесіп жасалады және отбасының (азаматтың) кәсіптік және әлеуметтік бейімделу жөніндегі көзделген іс-шаралары болады:
      1) уәкілетті органның және (немесе) Жұмыспен қамту орталығының көмегімен белсенді жұмыс іздеу және олармен ұсынылған жұмыс орнына жұмысқа тұру;
      2) кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өту;
      3) жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу;
      4) халықтың нысаналы топтарын кезеңдік скринингтік тексеруден өткізу;
      5) отбасы құрамында жүкті әйелдер болған жағдайда жүктіліктің 12 аптасына дейін акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін және жүктіліктің барлық кезеңі ішінде бақылайтын денсаулық сақтау ұйымдарына есепке қою;
      6) әлеуметтік–маңызды сырқаттар болған жағдайда (онкология, нашақорлық, туберкулез) ерікті түрде емделу;
      7) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және (немесе) мүгедектерді оңалту шараларын уақытылы алу;
      8) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жеке қажеттілігіне байланысты уәкілетті органның қарауы бойынша белгіленген кәсіптік және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі басқа да іс-шаралар.
      Жұмыспен қамтуға көмек көрсету шараларына қатысу отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады, тек келесі жағдайлардан басқа:
      станционарлық, амбулаториялық (санаторийлік) емделу кезеңіне (тиісті медициналық ұйымдардың растаушы құжаттарын ұсынған кезде);
      жұмыспен қамтуға көмек көрсетудің мемлекеттік шараларына қатысуға негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, үш жасқа дейінгі балаларды күту өзгелердің күтімі мен көмегіне мұқтаж он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан қарт адамдарды күтуді жүзеге асыру.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға тағы да алты айға мерзімін ұзарту мүмкіндігімен, бірақ отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеуді ұзарту қажеттілігі жағдайында және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің кәсіптік оқуды және (немесе) жастар практикасынан өтуді және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылуы аяқталмаған жағдайда бір жылдан аспайтын уақытқа жасау.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының мерзімі ұзартылған кезде әлеуметтік келісімшарт бойынша әлеуметтік көмек мөлшері қайта қарастырылмайды.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындалу мониторингісі оны жасаған органмен жүзеге асырылады.
      Уәкілетті орган отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының барлық бағытында сүйемелдеу іске асырылады және жеке жоспардың орындалуын бақылау, сондай ақ тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.";
      Ережеге қосымшадағы 1-тармағының 10) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "күн көріс деңгейі айына жан басына шаққандағы алпыс пайыздан аспайтын азаматтар (отбасылар) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған кезде отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда және отбасы мүшелерін, еңбекке қабілеттілерін қосқанда әлеуметтік бейімдеу (бұдан әрі–әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек).";
      Ережеге қосымшадағы келесі мазмұндағы 3-1-тармағымен толықтырылсын:
      "3-1. Отбасының әр мүшесіне (адамға) берілетін әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының (адамның) әр мүшесіне шаққандағы орташа табысы мен облыс бойынша (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген күнкөріс деңгейнің алпыс пайызы арасындағы айырма ретінде анықталады.
      Әлеуметтік көмектің мөлшері отбасы құрамы өзгерген кезде, сонымен қатар отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалған кезде ұсынылған кірістерді ескере отырып мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тоқтатылып аталған жағдайлардың басталған сәтінен бастап қайта есептеледі, бірақ оның тағайындалған сәтінен ерте емес.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Сессия төрағасы Э. Абдинов
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Құспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады