1. Екібастұз қаласының аумағындағы мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Вербняк |
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "10" шілдедегі № 789/7 қаулысына қосымша |
Екібастұз қаласының аумағындағы мүгедектерді қоспағанда, дене
шынықтыру-сауықтыру тегін немесе жеңілдік шарттармен дене
шынықтыру-сауықтыру қызметтерін пайдаланатын азаматтар санаттарының
тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері
№ п/п | Азаматтар санаты | Жеңілдіктер мөлшері |
1. | 7 жасқа дейінгі балалар | Тегін |
2. | Көп балалы отбасыларынаң оқушы – балалар | Тегін |
3. | Балалар үйлерінен оқушы – балалар | Тегін |
4. | Спорт ардагерлері | Тегін |
5. | Оқушылар | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құпынан 50% мөлшердегіжеңілдік |
6. | Студенттер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құпынан 50% мөлшердегіжеңілдік |
7. | Зейнеткерлер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құпынан 50% мөлшердегіжеңілдік |