"Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 150/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 маусымда № 4530 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 304/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 06.10.2017 № 304/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін
      2. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
      Ереженің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      он күнтізбелік күнде аумақтық әділет органда осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдары алғашқы жариялауға жіберіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен қолданысқа енгізіледі

      Аудан әкімі В. Дубовицкий

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "20" мамырдағы
№ 150/4 қаулысымен
бекітілген

"Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер ресурстарымен мемлекеттік басқару міндеттерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органы болып табылады.
      2. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
      6. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдерді қабылдайды.
      8. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140500, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 110.
      10. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:
      жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел земельных отношений Иртышского района".
      12. Мемлекет Ертіс ауданы әкiмдiгi атынан "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінiң құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      15. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
мақсаты, мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

      16. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес құзыреті бойынша өңірде жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.
      17. Жер қатынастары мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде іске асыру "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" қазіргі заманға сәйкес жүзеге асыру мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.
      18. Ертіс ауданының аумағында жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды реттеу мәселелерінде мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде жүзеге асыру "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мәні болып табылады.
      19. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) әлеуметтік-экономикалық және жерлерді үнемді пайдалану шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау;
      2) жер құқығы және жер нарығын дамыту бойынша ұсыныстарды өңдеу;
      3) ауданда жер реформасын іске асыру.
      20. Функциялары:
      1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      2) жер қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      4) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудан-дық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
      6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      7) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      8) жерді орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерді орналастыру жобаларын бекіту;
      9) ауданның жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      10) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      11) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      13) ауданның жер балансын жасау;
      14) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
      15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
      16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      17) ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      19) пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
      20) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту.
      21. Құқықтары және міндеттері:
      "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мелекеттік мекемесі осы ережемен қарастырылған өкілеттілікті жүзеге асыру үшін құқығы бар:
      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, кәсіпорындардан, жер пайдаланушылардан жер учаскілерінің жеке мешіктерінен бөлім алдына қойылған міндеттердің орындалуына байланысты мәселелер жөнінде ақпарат сұрауға және алуға;
      2) жер пайдаланушылардан жер учаскілерінің жеке мешіктерінен сұрақтарды шешу мақстында, мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін, мәлімдемелермен құжаттарды алуға;
      3) жер пайдалану құқығын тоқтату бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған негізінде мемлекеттік органдарға ұсыныс жасау:

3. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылық "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болып табылатын басшымен жүзеге асырады.
      23. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы аудан әкімімен тағайындалады және қызметтен босатылады.
      24. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және қызметін басқарады;
      2) "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін, сондай-ақ функцияларын белгілейді;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      5) "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтарды шығарады және нұсқауларды береді;
      6) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік түріне қарамастан өзге де мекемелерде "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапкершілік тартады.
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.
      25. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi мен коммуналдық мүлiктi басқару бойынша уәкiлеттi органның (жергiлiктi атқарушы органның) өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
      26. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi мен тиiстi саладағы уәкiлеттi органның өзара қарым-қатынастары (жергілікті атқарушы органмен) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
      27. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұжымдық шартпен реттеледi.

4. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      29. "Ертіс ауданның жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік ауданының коммуналдық меншігіне жатады.
      30. Егер заңнамада өзге жағдай көзделмесе, "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)

      31. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      32. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі таратылған кезде, кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiк ауданның коммуналдық меншiгінде қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады