Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 1/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 ақпандағы № 2/41 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 наурызда № 4397 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 шілдедегі № 212/43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 19.07.2019 № 212/43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Лебяжі ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 1/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3781 тіркелген, 2014 жылғы 6 мамырдағы "Аққу үні" - "Вести Акку" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағының:

      үшінші абзацында "69 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)" сандары мен сөздері "150000 (жүз елу мың теңге)" сандары мен сөздері ауыстырылсын;

      оныншы абзацында "1,8 АЕК" сандары мен сөздері "10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)" сандары мен сөздері ауыстырылсын;

      он екінші абзацында "1,8" сандары "5" санымен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Осумханова
      Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Әлтаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов
      2015 жылғы "3" наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады