Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі "Павлодар ауданының қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 142/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 05 ақпандағы № 47/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 ақпанда № 4935 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі "Павлодар ауданының қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4474 тіркелген, 2015 жылғы 28 мамырдағы "Заман тынысы" № 21 (8039), "Нива" № 21 (208) газеттерінде жарияланған) № 142/4 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесінде "Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабының 1-тармағына" сөздері мен сандары "Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына" сөздері мен сандарымен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Бабенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады