Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" 2010 жылғы 10 қарашадағы № 4/840 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 1/122 қаулысы. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 наурызда № 1149 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 1/191 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 17.03.2021 № 1/191 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 18 бабының 18) тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" 2010 жылғы 10 қарашадағы № 4/840 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 864 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміндегі:

      реттік нөмірлері 9, 10, 12, 13, 14, 58 жолдар алынып тасталсын.

      2. Алматы қаласы Мәдениет басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ интернет-ресурста жариялауды жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі А. Есімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады