Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 29.03.2024 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысының 3 тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) алып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 16.09.2016 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).2) V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясының "Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2013 жылғы 28 қарашадағы № 183 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1016 болып тіркелген, 2013 жылғы 21 желтоқсанда "Алматы ақшамы" № 153 және "Вечерний Алматы" № 155-156 газеттерінде жарияланған):
аталған шешімнің 1 қосымшасының 1 бөлімнің 1 тармағындағы "тұрғын үйінен" сөзі "баспанасынан" сөзіне ауыстырылсын.
аталған шешімнің 1 қосымшасының 3 бөлімі келесі мазмұндағы 8 тармақпен толықтырылсын:
"8. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі әлеуметтік көмек мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен Алматы қаласында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.
Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі әлеуметтік көмек мөлшері аталған мән-жайлар орын алған сәттен бастап, бірақ оны тағайындаған сәттен бұрын емес қайта есептеледі";
аталған шешімнің 2 қосымшасы келесі мазмұндағы 14 тармақпен толықтырылсын:
"14. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасқан кездегі отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және қажет болғанда еңбекке қабілеттілерді қоса алғанда отбасы (адам) мүшелерін әлеуметтік бейімдеу жағдайларындағы жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60 %-ынан аспайтын адамдар (отбасылар).".
3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Мулюковаға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының төрайымы |
А. Мұсабаева |
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
Қ. Қазанбаев |