РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Басқарма осы қаулыны әділет органдарында
мемлекеттік тіркеуді жүргізсін, одан кейін ресми және мерзімді
баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Алматы қаласы әкімдігінің
интернет-ресурсында жарияласын.
3. Күштері жойылды деп танылсын:
1) Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасының ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 4/1063 қаулысы;
2) Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасының ережесін бекіту туралы"
2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 4/1063 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 27 қарашадағы № 4/1022 қаулысы.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |
Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 4/661 қаулысымен бекітілді |
"Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында автомобиль жолдарын салу және жөндеу, жол инфрақұрылымы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.
7. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
9. Толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Управление автомобильных дорог города Алматы".
10. Осы Ереже "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайымы,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттері
13. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайымы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңына сәйкес анықталады - Алматы қаласының аумағында автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты тиімді жүргізу және тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.14. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңына сәйкес анықталады:
1) автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге міндеттерді жүзеге асыру.
15. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" және 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына сәйкес анықталған:
1) жобаларды, құрылысты және автомобиль жолдарын жөндеу, жол инфрақұрлымы нысандарын дамыту бағдарламаларын әзірлеу;
2) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және жобалау жұмыстарына қатысу;
3) "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
4) "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
5) автомобиль жолдарын, қаланың жол инфрақұрылымы нысандарын салу мен жөндеу саласындағы жұмыстарды реттеу және басқару, заңнамалық актілердің, Үкімет қаулыларының, қала әкімдігі қаулыларының және мәслихаттың шешімдерінің талаптарын орындауды қамтамасыз ететін қажетті шараларды әзірлеу;
6) Алматы қаласында автомобиль жолдарын, көшелерді салу, қайта жаңғырту және жөндеу жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;
7) Алматы қаласында автомобиль жолдарын, көшелерді салу, қайта жаңғырту және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде бақылауды жүзеге асыру;
8) қаланы дамытудың кешенді және жергілікті бағдарламаларын іске асыруға қатысу үшін қаржыландыру көздерін және инвесторларды іздестіру;
9) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттарға сәйкес автомобиль жолдары, жол инфрақұрылымы нысандарының құрылысын жүргізу, жөндеу саласындағы барлық жұмыс түрлерінің орындалуына техникалық қадағалау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
10) құрылыс, жөндеу, техникалық және авторлық қадағалауды, жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуді жүзеге асырушы мердігер ұйымдар мен кәсіпорындардың шарттық міндеттемелерін орындау барысының жұмысын үйлестіру;
11) төтенше жағдайлар туындаған кезде автомобиль жолдарын, жол инфрақұрылымы нысандарын салу мен жөндеу бойынша шараларды іске асыру;
12) жол қызметі саласында қаланы дамытудың бас жоспарын әзірлеуге қатысу;
13) "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің саласына енетін салалар бойынша жұмыстарды қаржыландыруға бюджет қаражаттарының қажеттілігін анықтау;
14) өз қызметінің саласында нысандарды пайдалануға қабылдау және одан әрі коммуналдық меншікке беру жұмыстарына қатысу;
15) өз құзыретінің шегінде жобаларды әзірлеу үшін бастапқы мәліметтерді қамтамасыз ету;
16) бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
17) Алматы қаласы автомобиль жолдарымен байланысты жобаларды келісу;
18) гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі мәселелерді қарастыруға қатысу;
19) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
16. Жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыретінің шегінде "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құқылы:
1) заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, мекемелерден, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрау және алу;
2) "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құзіретіне қатысты мәселелер бойынша шарт жасау және келіссөз жүзгізу;
3) әкім шешімдерінің және Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының жобаларын және автомобиль жолдары мен жол инфрақұрылымының қалалық даму бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
4) конференциялар, семинарлар, оқудың басқа түрлерін ұйымдастыру және автомобиль жолдары мен жол инфрақұрылымының қызметкерлерімен тәжірибе алмасу;
5) белгіленген тәртіпте қызметкерлерді сараптамадан және кеңес беруден өткізу үшін тарту;
6) Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінде белгіленген тәртіпте сотқа талап арыз беру;
7) оған берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қызметін ұйымдастыру
17. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.18. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Алматы қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы іс-әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін жеке жауапты болады;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) банк шоттарын ашады;
6) "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
8) "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
9) "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
10) "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшы қызметкерлерінің және өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
11) "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының тәртіптік заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
12) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.