Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 03 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қаңтарда N 3090 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 10 сәуірдегі N 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 10.04.2016 N 13 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29-бабының 1-тармағы 11) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 5-тармағы 3) тармақшасына, 48-бабына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 2 хаттамасы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов және Жамбыл аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесі жұмыс істеуінің төтенше жағдай режимі енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       Е. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады