Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға) белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 176 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 1 маусымда N 3262 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі N 249 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 13.07.2015 N 249 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларының 8-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Белгіленсін:
      1-қосымшаға сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;
      2-қосымшаға сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
Е. Сұлтанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2015 жылғы 22 мамыр
А. Мамытбеков

  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 176 қаулысына 1-қосымша

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Жаздық бидай
Күздік бидай
Күздік қарабидай
Арпа
Сұлы
Қарақұмық
Тары
Дәнді-бұршақты дақылдар
Майлы дақылдар
Картоп
Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары
Жабық топырақтағы көкөністер
Жемшөптік дақылдар:
бірінші, екінші және үшінші жылғы көп жылдық бұршақ шөптер
бірінші жылы егілген басқа да көп жылдық шөптер
сүрлемдік жүгері және күнбағыс
бір жылдық шөптер, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың қоспасы:
сұлы мен бұршақ; бұршақ, сұлы және арпа ٭
судан шөбі; тары; итқонақ; сұлы және сиыржоңышқа ٭٭
сұлы, арпа, бұршақ және бидай; сұлы мен бұршақ; тары мен бұршақ ٭٭٭
бұршақ пен сұлы; сұлы, арпа және бұршақ; судан шөбі мен бұршақ; тары мен бұршақ; бұршақ, сұлы және арпа; рапс пен сұлы ٭٭٭٭

       ٭ азыққа
       ٭٭ пішенге
      ٭٭٭ пішендемеге
       ٭٭٭٭ жасыл конвейерге

  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 176 қаулысына 2-қосымша

Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)

Рет №
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының
атауы
1 гектарға арналған субсидиялар нормативі,
теңге
1
Жаздық, қатты сұрыпты және күздік бидай, күздік қарабидай (субсидиялардың базалық нормасы)
400
2
Арпа, сұлы
2500
3
Қарақұмық, тары, дәнді-бұршақты дақылдар
2500
4
Майлы дақылдар:
 
 
рапс, күнбағыс
5200
 
зығыр
400
 
арыш, қытайбұршақ, қыша
4400
5
Картоп
25000
6
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесі қолданылып өсірілетін картоп
85000
7
Ашық топырақтағы көкөністер мен бақша дақылдары
21000
8
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесі қолданылып өсірілетін көкөністер және бақша дақылдары
75000
9
Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері (2 дақыл алмасуы)
3 860 000
10
Қорғалған топырақ көкөністері фермерлік жылыжайлардағы (2 дақыл алмасуы)
150 000
11
Жемшөптік дақылдар:
 
 
бірінші, екінші және үшінші жылғы көп жылдық бұршақ шөптер
15000
 
бірінші жылы егілген басқа да көп жылдық шөптер
15000
 
сүрлемдік жүгері мен күнбағыс
15000
12
Бір жылдық шөптер
15000

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады