Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 222 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 шілдеде N 3302 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 шілдедегі N 265 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 14.07.2016 N 265 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар бекітілсін:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге;
      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері;
      2) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге;
      осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату бағыты бойынша субсидиялар алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
Е. Сұлтанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2015 жылғы 29 маусым
А. Мамытбеков

  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 222 қаулысына 1-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
3 200

  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 222 қаулысына 2-қосымша

Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге
Етті мал шаруашылығы
бас
100 000
Сүтті мал шаруашылығы
бас
100 000

  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 222 қаулысына 3-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар

Р/с

Субсидиялау бағыты
Өлшемдер мен талаптар
1
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің тізілімінде тіркелген ұрықтандырушы-техниктердің болуы.
2. Қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтың болуы.

  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 29 қаулысына 4-қосымша

Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату бағыты бойынша субсидиялар алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар

Р/с

Субсидиялау бағыты
Өлшемдер мен талаптар
1
Етті мал шаруашылығы
Кемінде 300 бас сиырдың болуы.
2
Сүтті мал шаруашылығы
Кемінде 300 бас сиырдың болуы.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады