Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды, ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 265 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 тамызда № 3861 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 380 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 22.09.2017 № 380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 болып тіркелген) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар бекітілсін:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін арзандатуға субсидиялар нормативтері;

      2) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге;

      осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату бағыты бойынша субсидияларды алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар.

      2. "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді, ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 222 қаулысының (2015 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3302 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашалығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жуктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 265 қаулысына 1-қосымша

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге субсидиялар нормативтері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

3 200


  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 265 қаулысына 2-қосымша

Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін арзандатуға субсидиялар нормативтері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге

Етті мал шаруашылығы

бас

100 000

Сүтті мал шаруашылығы

бас

100 000


  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 265 қаулысына 3-қосымша

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар

Р/с

Субсидиялау бағыты

Өлшемдер мен талаптар

1

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің тізілімінде тіркелген ұрықтандырушы- техниктердің болуы.
2. Қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтың болуы.


  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 265 қаулысына 4-қосымша

Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату бағыты бойынша субсидияларды алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар

Р/с

Субсидиялау бағыты

Өлшемдер мен талаптар

1

Етті мал шаруашылығы

Кемінде 300 бас сиырдың болуы.

2

Сүтті мал шаруашылығы

Кемінде 300 бас сиырдың болуы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады