Петропавл қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 1610 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қазанда N 3414 болып тіркелді

       "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Петропавл қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан Петропавл қаласы, Ысқақ Ыбыраев атындағы көшесі, № 17 "Б" үй мекен-жайында орналасқан тұрғын үй пәтерлеріндегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін, қосымшаға сәйкес.
      2. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін белгіленген төлемақыны ескерумен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шартын жасасын.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      Қала әкімінің м.а. Қ. Ғалеев

  Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 1610 қаулысына қосымша

Петропавл қаласы, Ысқақ Ыбыраев атындағы көшесі, № 17 "Б" үй мекен-жайында орналасқан тұрғын үй пәтерлеріндегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына 1 шаршы метрге төлемақы мөлшері

      Петропавл қаласында азаматтардың барлық санаттары үшін жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшері айына мына формула бойынша есептеледі:

            А=Ц/Т/12, мұндағы

      А – азаматтардың барлық санаттары үшін жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына бір шаршы метрге теңгемен);
      Ц – тұрғын үйдің жалпы ауданының бір шаршы метрін салу құны (теңгемен);
      Т – 1.04-26-2004 ҚР СН сәйкес ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (жыл):
      Жылжымайтын объектілер:
      Ысқақ Ыбыраев атындағы көшесі, 17 "Б" үй
      (354 547 062:3811,5):125:12=62 тг/м2
      Петропавл қаласы, Ысқақ Ыбыраев атындағы көшесі, 17 "Б" үй мекен-жайындағы тұрғын үйдің пәтерлеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшері айына бір шаршы метрге 62 теңгені құрайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады