"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Заңының 124-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігі аппаратының басшысы Ә.Ә.Ғаббасовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы арнайы алғашқы жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Тастеміров |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 298 қаулысымен бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1."Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырындағы кәсіпорындар:
Айыртау ауданы әкімдігінің "Айыртау-Су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Айыртау ауданы әкімдігінің "Айыртау-Қамқор" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі болып табылады: 150100, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 44.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттік мекеменің заңды тұлғасы, мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы, белгіленген үлгіде бланктері мен мөртабаны Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қазынашылық органдарда есебі бар.
6. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарда өз атынан сөйлеуге құқығы бар.
7. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарда мемлекет атынан заңнамаларға сәйкес өкілеттілік берілген болса, тарап ретінде уәкілетті болуға құқығы бар.
8. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселері бойынша заннамада белгілген тәртіппен "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
9. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат саны лимиті заннамада белгілген тәртіппен бекітіледі.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, №44 үй, индексі 150100.
11. Мемлекеттік органның толық атауы:
Мемлекеттік тілінде: "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства пассажирского транспорта и автомобильных дорог Айыртауского района Северо-Казахстанской области".
12. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайлық құжаты болып табылады.
13. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру аудандық бюджет қаржысы арқылы жүзеге асырылады.
14. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
15. Жұмыс тәртібі: "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне аптасына бес жұмыс күні тағайындалған, жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспайды, бір күнде 8 сағат (9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00 сағаттан 14.00 сағатқа дейін).
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, құқықтары
16. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы болып табылады.17. Міндеттері:
1) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) экология және айналаны қорғау талаптарына сәйкес, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым, елді мекендерді көркейту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына бағытталған тапсырмаларды жүзеге асыру өкілеттілігі;
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету.
18. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) қайта жаңарту, қайта жөндеу, жолдарды күрделі жөндеу, аумақты және елді мекендерді көгалдандыру, көркейту мәселелерін реттеу, қалыпқа келтіруді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
2) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары желісін, елді мекендердің көшелерін басқару;
3) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
4) аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын ұстау, жөндеу және құрылысы жөнінде орындалған жұмыстардың қабылдануын және сапасын бақылау;
5) жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық және аудан ішілік тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекіту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу, маршруттар бойынша жүру кестелерін бекіту;
6) жолаушылар мен багажды тұрақты ауыларалық және аудан ішілік автомобиль мен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;
7) ауылдық және аудан ішілік қатынастарда әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;
8) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай қажет ететін, тұрғын жайын жақсартуға өтініш берген азаматтардың тізімін есепке алуын жүргізу, сараптама жасау;
9) коммуналдық тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
10) жалдаушылармен коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін үй жалдау шарттарын жасау;
11) коммуналдық жалға берілетін тұрғын үй қорының бөлуін ұйымдастыру;
12) мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азмаматтарды есепке қою мен олардың кезектілігін жүргізіленеді;
13) ауданның су құбырларын, тазалау, құрылыстарын, жылу және электр желілерін және басқа көлік пен инженерлік инфрақұрылымының нысандарын салу және пайдалануды ұйымдастыру;
14) бөлімнің қызметіне байланысты аудан әкімдігімен, әкіммен және оның орынбасарларымен жүктелген заңнамаларға қайшы келмейтін басқа да функцияларды орындау.
19. Айыртау ауданы әкімдігінің "Айыртау-Су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының функциялары:
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қуат, су және жылумен жабдықтау, магистральді көлік, байланыс, коммуникация облысындағы шаруашылық жұмыстарын жүзеге асыру.
Айыртау ауданы әкімдігінің "Айыртау-Қамқор" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының функциялары:
мемлекеттік жолдарды ұстау.
20. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) аудан әкімдігі, аудан әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдардың қарауына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
3) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
4) "Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
"Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және қарамағындағы ұйымдарымен өзара әрекеттеседі.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
21. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау басшылықты ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.22. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, аудан әкімімен лауазымға тағайындалып және лауазымнан босатылады.
23. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы уәкілетті:
1) "Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу шараларын қолданады және жауапты;
4) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
6) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, қызметкерлерін марапаттайды, материалдық көмек көрсетеді және тәртіптік жаза қолданады.
8) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;
9) "Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
10) заңнамамен, осы Ережемен және өкілетті органмен берілген функцияларды жүзеге асырады.
"Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлігі
24. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлікке заңнамалармен қарастырылған оперативті басқару құқығы бар."Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлігі оған берілген меншік иесі есебінен, сонымен бірге (ақшалай кірісті қоса есептегенде) жеке қызметінің қорытындысы бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларына қарсы келмейтін басқа көздер арқылы құрастырылады.
25. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген мүлікті дербес бөлшектеуге немесе басқа тәсілмен егер ол заңнамалармен қойылмаса оған билік етуге құқығы жоқ.
5. Заңды тұлға мен құрылтайшы арасындағы қарым-қатынас
27. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.28. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысының және еңбек ұжымындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
29. Азаматтардың "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу құқығы заңнамаларда орнатылған тәртіптегі біліктілік талаптарға сәйкес жүргізіледі.
30. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмысқа қабылдау барысында тараптардың құқығы мен міндеттері, жұмысшының еңбек ақысы туралы жазбаша келісім-шарт жасалады.
31. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмысшыларына еңбек ақы төлеу қолданыстағы заңнамаларда орнатылған тәртіппен анықталады.
"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмысшыларының еңбекақылары мен лауазымдық окладтары мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілін есептеу және квалификациялық біліктілігі мен функционалдық міндеттеріне сәйкес орнатылады.
6. Мемлекеттік органды қайта құру және жою
32. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.Ережеге өзгерістер мен қосымшалар енгізу қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізіледі.
7. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзырындағы ұйымдардың тізбесі
Айыртау ауданы әкімдігінің "Айыртау-Су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, ЖДС көшесі 26.Айыртау ауданы әкімдігінің "Айыртау-Қамқор" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, ЖДС көшесі 26.