"Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 85 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 3177 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 03 мамырдағы № 84 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 03.05.2017 № 84 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
       "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
       Атырау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 329 "Атырау облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының мәселелері туралы" қаулысының 2-тармағының, Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 111 "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәселелері туралы" қаулының, Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 175 "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының кейбір мәселелері туралы" қаулысының 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.
       Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 85 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 85 қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемеcі (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысы аумағында дене шынықтыру және спортты дамытудың тұтас мемлекеттік бағдарламасын іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060002, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 "а".
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарма қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілермен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы Атырау облысы аумағында дене шынықтыру және спортты дамыту мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыру болып табылады.
      15. Басқарманың міндеттері:
      1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
      2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
      3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
      4) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
      16. Басқарманың функциялары:
      1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
      2) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық, спорттық жарыстарын өткiзедi;
      3) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
      4) облыста бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
      5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      6) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;
      7) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
      8) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
      9) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
      10) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      11) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
      12) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
      13) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
      14) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      15) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      16) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт имараттарын пайдалануды үйлестіреді;
      17) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;
      18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады;
      19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 24 "Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес гендерлік теңдік және гендерлік саясатты енгізу бойынша қажетті іс-шараларды дене шынықтыру және спорт саласында жүзеге асырады;
      20) Басқармаға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерді осы Заңда көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
      21) заңды тұлғалардың мүлкінің сақталуына және Басқармаға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      22) мемлекеттiк кәсiпорындардың, Басқармаға ведомстволық бағыныстағы жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
      23) Басқармаға ведомстволық бағыныстағы заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
      24) коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң ережелеріне, ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу бойынша облыстық жергілікті атқарушы орган қаулыларының жобаларын дайындайды және бекітуге ұсынады;
      25) Басқармаға ведомстволық бағыныстағы заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептiлiгiн бекiтедi;
      26) Басқармаға ведомстволық бағыныстағы коммуналдық меншік, қазыналық кәсiпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер өндiретiн және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) баға белгiлейдi;
      27) Басқармаға ведомстволық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржыландыру жоспарларын бекiтедi;
      28) Мәліметтерді, соның ішінде, өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және оларға қатысты мемлекеттің басқаруға қатысу құқығын өзі жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін, бұл мәліметтерді мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсету үшін дайындайды.
      29) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) семинарларды, басқа да оқыту нысандарын және дене шынықтыру және спорт мамандарымен тәжiрибе алмасуды ұйымдастыру;
      2) талдау мен мониторинг жүргізу үшін қажетті қосымша ақпарат сұрау салып, тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну;
      3) өзіне жүктелген мақсаттары мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларға ақпарат ұсынуды қамтамасыз ету;
      5) 5) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;
      6) Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;
      7) бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, салауатты өмір салты принциптерін насихаттауды жүзеге асыру.
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Басқарма қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерiн, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен мекемелер директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен мекемелердің директорларымен жеке еңбек шарттарын жасасады және бұзады, оларды көтермелеу шараларын алады, тәртіптік жазалар қолданады;
      2) Басқарманың штаттық кестесiн, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшелері туралы ереженi бекiтедi;
      3) Басқарма атынан сенiмхатсыз әрекет етеді, мемлекеттік және өзге ұйымдарда оның мүддесiн бiлдiреді;
      4) Басқарма мен оған ведомстволық бағыныстағы мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады.
      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

3. Басқарманың мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Басқарманың мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының № 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының № 3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының № 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының № 1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының Олимпиадалық резервін дайындау Орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының Құрманғазы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының Индер балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;
      10. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының Жылыой балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі

      1. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының "Атырау барыстары" спорттың ойын түрлері бойынша облыстық командасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      2. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мүгедектердің спорттық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      3. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ұлттық спорт түрлерінің Атырау облыстық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      4. "Атырау облысцы Дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      5. "Атырау" спорт кешені" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      6. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының "Атырау" спорттың су түрлері бойынша клубы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      7. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының "Атырау" футбол командасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      8. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының "Атырау" облыстық волейбол командасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады