2015 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері мен субсидиялардың нормалары:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес отандық тыңайтқыш өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына);
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) белгіленсін.
"Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ____________ А. Мамытбеков 2015 жылғы "8" мамыр |
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 134 қаулысына 1-қосымша |
2015 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндiрушiлер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) субсидиялардың нормалары
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 134 қаулысына 2-қосымша |