Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 337 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 наурызда № 3135 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 1119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 11.06.2020 № 1119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы П. Хасановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет огандарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Ожаев
      КЕЛІСІЛДІ:
      Атырау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша)
А. Абдолов
      "17" наурыз 2015 ж.

  Атырау қалалық әкімдігінің 2015 жылғы "17" наурыздағы № 337 қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 18.05.2016 № 636 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспаматериалдарын орналастыру орындарының тізбесі

Р/с №

Елді мекендер атауы

Орналастыру орындары

1

Атырау қаласы

"Алмагүл" шағын ауданы, № 1 үй маңындағы тұғырлық

2

Атырау қаласы

Махамбет Өтемісұлы көшесі, № 116 А үй маңындағы тұғырлық

3

Атырау қаласы

Бейбарыс даңғылы, № 95 үй маңындағы тұғырлық

4

Атырау қаласы

"Тұрғын үй қалашығы" шағын ауданындағы соңғы аялдама маңындағы тұғырлық

5

Атырау қаласы

"Авангард-2" шағынауданы, № 15үй маңындағы тұғырлық

6

Атырау қаласы

Исатай даңғылы, № 10 ғимарат маңындағы тұғырлық

7

Атырау қаласы

Құрманғазы көшесі, № 25 үй алдындағы тұғырлық

8

Атырау қаласы

Қаныш Cәтпаев көшесі, № 14 үй алдындағы тұғырлық

9

Атырау қаласы

Қаныш Сәтпаев көшесі, № 40 А ғимараты жанындағы тұғырлық

10

Атырау қаласы

"Авангард-3" шағын ауданы, Демалыс саябағындағы тұғырлық

11

Атырау қаласы

Бейбітшілік даңғылы, "Халықтар достығы" аллеясының алдындағы тұғырлық

12

Атырау қаласы, Атырау ауылдық округі

Құрманғазы ауылы, № 1 б, "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының" Дамбы дәрігерлік амбулаториясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы стенд

13

Атырау қаласы, Дамбы ауылдық округі

Амангелді ауылы, Аманкелді көшесі, № 15 үй маңындағы стенд

14

Атырау қаласы, Кеңөзек ауылдық округі

Тасқала ауылы, № 10, "Т. Амандосов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңындағы стенд

15

Атырау қаласы, Балықшы ауылдық округі

Ақжайық ауылы, Юсупжан Нұржанов көшесі, № 8 а ғимаратының жанындағы стенд

16

Атырау қаласы, Балықшы ауылдық округі

Құрсай ауылы, № 1 өткел, № 8 ғимаратының маңындағы стенд

17

Атырау қаласы, Жұмыскер ауылдық округі

Рембаза ауылы, Меңдекеш Сатыбалдиев көшесі, № 7 ғимаратының алдындағы стенд

18

Атырау қаласы, Жұмыскер ауылдық округі

Жұмыскер ауылы, "Өркен" шағын ауданы, № 43 көше, № 73 учаскесінің алдындағы стенд

19

Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі

Томарлы ауылы, Колхоз көшесі, № 2 ғимаратының алдындағы стенд

20

Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі

Талқайран ауылы, "Талғайран негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

21

Атырау қаласы, Ақсай ауылдық округі

Ақсай ауылы, Атырау көшесі, № 23, "Жалпы білім беретін № 25 Б.Момышұлы атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

22

Атырау қаласы, Ақжар ауылдық округі

Ақжар ауылы, Сырым Датов көшесі, № 1, "Жалпы білім беретін № 26 С.Датов атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

23

Атырау қаласы, Геолог ауылдық округі

Геолог ауылы, № 24 үй мен соңғы аялдама маңындағы стенд

24

Атырау қаласы, Геолог ауылдық округі

Бірлік ауылы, Береген Жоламанов көшесі, № 10 үй маңындағы стенд

25

Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округі

Еркінқала ауылы, Тусипкалиева көшесі, № 10 "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының" Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы стенд

26

Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округі

Ракуша ауылы, Қазақстан көшесі, № 16, "Жалпы білім беретін М. Өтемісов атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

27

Атырау қаласы

"Вокзал маңы-5" шағын ауданы, "Мұрагер" сауда орталығы ғимараты маңындағы тұғырлық

28

Атырау қаласы

"Алмагүл" шағын ауданы, № 5А "Бақдәулет" сауда орталығы ғимараты маңындағы тұғырлық

29

Атырау қаласы

Азаттық даңғылы, № 66 "Рембыттехника" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимараты маңындағы тұғырлық

30

Атырау қаласы

Атырау қаласы, Әуезов көшесі, № 53 "АБДИ Компани" акционерлік қоғамының Атырау қаласындағы филиалы ғимараты маңындағы тұғырлық

31

Атырау қаласы

"Жеті казына" ықшам ауданы, Маден көшесі, № 1А, "Сарайшық Атырау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимараты алдындағы тұғырлық

32

Атырау қаласы

Мұса Баймұханов көшесі, № 16 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Атырау облысы Әділет департаментінің Атырау қалалық Әділет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимараты алдындағы тұғырлық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады