Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 11.06.2020 № 1119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 337 "Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысының (бұдан әрі - Қаулы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3135 болып тіркелген, облыстық "Атырау" газетінде 2015 жылы 21 наурызда жарияланған) қосымшасына келесідей толықтырулар енгізілсін:
Қаулының қосымшасы "27, 28, 29, 30, 31 және 32" жолдармен толықтырылсын (қосымша).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы П. Хасановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Ожаев |
КЕЛІСІЛДІ:
Атырау қалалық әкімдігінің 2016 жылғы "18" мамырдағы № 636 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі
Р/с № | Елді мекендер атауы | Орналастыру орындары |
27 | Атырау қаласы | "Вокзал маңы-5" шағын ауданы, "Мұрагер" сауда орталығы ғимараты маңындағы тұғырлық |
28 | Атырау қаласы | "Алмагүл" шағын ауданы, № 5А "Бақдәулет" сауда орталығы ғимараты маңындағы тұғырлық |
29 | Атырау қаласы | Азаттық даңғылы, № 66 "Рембыттехника" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимараты маңындағы тұғырлық |
30 | Атырау қаласы | Атырау қаласы, Әуезов көшесі, № 53 "АБДИ Компани" акционерлік қоғамының Атырау қаласындағы филиалы ғимараты маңындағы тұғырлық |
31 | Атырау қаласы | "Жеті казына" ықшам ауданы, Маден көшесі, № 1А, "Сарайшық Атырау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимараты алдындағы тұғырлық |
32 | Атырау қаласы | Мұса Баймұханов көшесі, № 16 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Атырау облысы Әділет департаментінің Атырау қалалық Әділет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимараты алдындағы тұғырлық |