Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 1119 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 маусымда № 4667 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 36-1 және 37-баптарына сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Атырау қалалық әкімдігінің:

      1) 2015 жылғы 17 наурыздағы № 337 "Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3135 болып тіркелген, 2015 жылдың 21 наурызында облыстық "Атырау" газетінде жарияланған);

      2) 2016 жылғы 18 мамырдағы № 636 "Атырау қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 337 "Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3541 болып тіркелген, 2016 жылдың 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Нсанбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау қаласының әкімі К. Уразбаев

  Атырау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымы № 1119 қаулысына қосымша

Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 26.11.2020 № 2780 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Елді мекендер атауы

Орналастыру орындары

1

Атырау қаласы

"Алмагүл" шағын ауданындағы, №1 тұрғын үй маңындағы тұғырлық

2

Атырау қаласы

Махамбет Өтемісұлы көшесі №116 Д, "Насиха" пассажы маңындағы тұғырлық

3

Атырау қаласы

Сұлтан Бейбарыс даңғылы, №95 құрылыс, "Дина" базары маңындағы тұғырлық

4

Атырау қаласы

"Тұрғын үй қалашығы" шағын ауданындағы соңғы аялдама маңындағы тұғырлық

5

Атырау қаласы

"Авангард-2" шағын ауданындағы, №15 тұрғын үй маңындағы тұғырлық

6

Атырау қаласы

Исатай даңғылы бойындағы №10 ғимарат маңында орналасқан тұғырлық

7

Атырау қаласы

Құрманғазы көшесі №25, "Мерей" базары маңындағы тұғырлық

8

Атырау қаласы

Қаныш Cәтпаев көшесі №14, "Анвар" супермаркеті ғимаратының маңындағы тұғырлық

9

Атырау қаласы

Қаныш Сәтпаев көшесі №40А, "Өнерпаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының маңындағы тұғырлық

10

Атырау қаласы

"Авангард-3" шағын ауданындағы, Демалыс саябағы маңындағы тұғырлық

11

Атырау қаласы

"Балықшы" тұрғын үй алабындағы, "Халықтар достығы" аллеясы маңындағы тұғырлық

12

Атырау қаласы

"Вокзал маңы -3А" шағын ауданы, Мұса Баймұханов көшесі, №61 құрылыс, "Мұрагер" сауда орталығы ғимаратының маңындағы тұғырлық

13

Атырау қаласы

"Алмагүл" шағын ауданындағы, Ғинаят Абдрахманов көшесі, №5А құрылыс, "Бақдаулет" сауда орталығы ғимаратының маңындағы тұғырлық

14

Атырау қаласы

Азаттық даңғылы, №66 құрылыс, "Рембыттехника" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының маңындағы тұғырлық

15

Атырау қаласы

Мұхтар Әуезов даңғылы, №53 құрылыс, "АБДИ компани" акционерлік қоғамы филиалы ғимаратының маңындағы тұғырлық

16

Атырау қаласы

"Жерұйық" шағын ауданындағы, Кенжебай Мәденов көшесі, №1А құрылыс, "Сарайшық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (коммуналдық базар) ғимаратының маңындағы тұғырлық

17

Атырау қаласы

Мұса Баймұханов көшесі, №16а құрылыс, "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалы №2 ХҚКО ғимаратының маңындағы тұғырлық

18

Атырау қаласы, Атырау ауылдық округі

Құрманғазы ауылы, Боран Нысанбаев көшесі, №1Б үй маңындағы тұғырлық

19

Атырау қаласы, Дамбы ауылдық округі

Амангелді ауылы, Амангелді көшесі, №15 үй маңындағы тұғырлық

20

Атырау қаласы, Кеңөзек ауылдық округі

Тасқала ауылы, Орталық көшесі, №22 құрылыс, "Жалпы білім беретін Тауман Амандосов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңындағы тұғырлық

21

Атырау қаласы

"Ақжайық" шағын ауданындағы, Юсупжан Нұржанов көшесі, №8А құрылыс, "Лидер" супермаркеті ғимаратының маңындағы тұғырлық

22

Атырау қаласы

"Құрсай" шағын ауданындағы, №1 өткел, №8 құрылыс, "Манго" шағын маркеті ғимаратының маңындағы тұғырлық

23

Атырау қаласы

"Рембаза" шағын ауданындағы, Меңдекеш Сатыбалдиев көшесі, №7 құрылыс, "Лидер" супермаркеті ғимаратының маңындағы тұғырлық

24

Атырау қаласы

"Өркен" шағын ауданындағы, №43 көше, №73 құрылыс, "Сәуле" шағынмаркеті ғимаратының маңындағы тұғырлық

25

Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі

Томарлы ауылы, Колхоз көшесі, №2 құрылыс, "Әлішер" шаруа қожалығы ғимаратының маңындағы тұғырлық

26

Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі

Талғайран ауылы, Кенжеш Есмұханов көшесі, №40 құрылыс, "Талқайраң негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңындағы тұғырлық

27

Атырау қаласы, Ақсай ауылдық округі

Ақсай ауылы, Атырау көшесі, №23 құрылыс, "Жалпы білім беретін №25 Б.Момышұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңындағы тұғырлық

28

Атырау қаласы, Ақсай ауылдық округі

Ақжар ауылы, Сырым Датұлы көшесі, №1Г құрылыс, "Жалпы білім беретін №26 С.Датов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңындағы тұғырлық

29

Атырау қаласы

"Геолог" шағын ауданындағы, №24 үй мен соңғы аялдама маңындағы тұғырлық

30

Атырау қаласы

"Бірлік" шағын ауданындағы, Береген Жоламанов көшесі, №10 құрылыс маңындағы тұғырлық

31

Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округі

Еркінқала ауылы, Қидас Көшербаев көшесі, №28 құрылыс, "Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының маңындағы тұғырлық

32

Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округі

Ракуша ауылы, Қазақстан көшесі, №16 құрылыс, "Жалпы білім беретін Махамбет Өтемісов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңындағы тұғырлық

33

Атырау қаласы

"Нұрсая" шағын ауданындағы, Модерн Сити-Лидер тұрғын-үй кешені №15А блок маңындағы тұғырлық

34

Атырау қаласы

"Лесхоз" шағын ауданындағы, №9 тұрғын үй маңындағы тұғырлық

35

Атырау қаласы

"Балықшы" тұрғын үй алабындағы, Абай Құнанбаев көшесі, №28А құрылыс, "Ландыш" дүкені маңындағы тұғырлық

36

Атырау қаласы

"Береке" шағын ауданындағы, №1Б құрылыс, "Лидер" супермаркеті маңындағы тұғырлық

37

Атырау қаласы

"Сарықамыс" шағын ауданындағы, Бөкен би көшесі, №6 үй, "Ясли сад №3 "Қарлығаш" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының маңындағы тұғырлық

38

Атырау қаласы

"Вокзал маңы-5" шағын ауданындағы, "Саламат Мұқашев" атындағы алаңның маңындағы тұғырлық

39

Атырау қаласы

Азаттық даңғылы, "Ағила" сауда үйі ғимаратының маңындағы тұғырлық

40

Атырау қаласы

"Самал" шағын ауданындағы, №12 көшесі, №1Б құрылыс, "Лайм" дүкені ғимаратының маңындағы тұғырлық

41

Атырау қаласы, Дамбы ауылдық округі

Дамбы ауылы, Көкарна көшесі, №60А үй, маңындағы тұғырлық

42

Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі

Томарлы ауылы, Жұлдыз тұрғын үй алабындағы, №6 көше бұрышы, №29 құрылыс, "Жалпы білім беретін №39 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңындағы тұғырлық

43

Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі

Бесікті ауылы, Қабдол Нұржанов көшесі, №100 құрылыс, "Жалпы білім беретін Бесікті орта мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңындағы тұғырлық

44

Атырау қаласы, Ақсай ауылдық округі

Ақсай-2 ауылы, №29 көше бойындағы тұғырлық

45

Атырау қаласы, Ақсай ауылдық округі

Ақжар-2 ауылы, №1 көше бойындағы тұғырлық

46

Атырау қаласы, Алмалы ауылдық округі

Алмалы ауылы, Бейбітшілік көшесі, №3 ғимарат, "Алмалы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

47

Атырау қаласы, Алмалы ауылдық округі

Береке ауылы, Шәмші Қалдаяқов көшесі, №2А ғимарат, "Береке орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады