"Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральды газ құбырының қорғау аймағын белгілеу туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 238 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 тамызда № 3324 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 121-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Магистральдық құбырлар туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 14-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына және облыстық жер комиссиясының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 41хаттамасы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры бойынан Арыс, Түркістан қалалары, Бәйдібек, Ордабасы, Отырар, Сайрам және Түлкібас аудандарының аумақтары арқылы өтетін шартты желілермен шектелген, осы аймаққа кіретін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынып койылмай, жалпы көлемі 1257, 4058 гектар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қорғау аймағы болып белгіленсін.
      2. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының қорғау аймағындағы жерді пайдалану режимі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес анықталсын.
      3. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К.Тұяқбаевқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы «06» тамыздағы № 238 қаулысына
1-қосымша

Арыс, Түркістан қалалары, Бәйдібек, Ордабасы, Отырар, Сайрам және Түлкібас аудандарының аумақтары арқылы өтетін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының қорғау аймақтарының жер көлемдері 

Әкімшілік аумақтық бірлік

Қорғау аймағының көлемі, га

оның ішінде

ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, га

оның ішінде:

босалқы жерлер, га

орман шаруашылығы жерлер, га

су қорындағы жерлер, га

елді мекендерінің жерлері, га

басқа жерлер, га

суарылмайтын егістік, га

суарылатын егістік, га

көпжылдық екпелер, га

шабындық, га

жайылым, га

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1

Арыс қаласы

12,3791

11,3518

1,3837




9,9681





1,0273

2

Түркістан қаласы

534,4130

496,4059

0,0094

36,7214


0,9473

458,7278




24,7551

13,252

3

Бәйдібек ауданы

234,5534

229,9931

126,8273

8,4779



94,6879




3,7806

0,7797

4

Ордабасы ауданы

140,5914

131,6298

24,2945

38,2495

2,9134


66,1724


2,0375



6,9241

5

Отырар

Ауданы

71,8205

71,0342


1,8272



69,2070





0,7863

6

Сайрам ауданы

212,7653

198,7093

99,2273

42,8787

16,0490


40,5543





14,0560

7

Түлкібас ауданы

50,8831

49,3754

38,4855

4,6483



6,2416





1,5077

Облыс бойынша

1257,4058

1188,4995

290,2277

132,8030

18,9624

0,9473

745,5591


2,0375


28,5357

38,3331

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы «06» тамыздағы № 238 қаулысына
2-қосымша

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының күзет аймақтарында жерді пайдалану режимі

      «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыр жолдарының қорғау аймақтарының шегінде:
      1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;
      2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
      3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
      4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;
      5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
      6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
      7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
      8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады