Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімінің аппаратының 08.02.2016 № 1-01-16/568 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымындағы № 836 қаулысына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамссыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Ә.Өсербаев
Түркістан қала әкімдігінің
2015 жылғы «17» наурыздағы
№ 312 қаулысына қосымша
2015 жылға ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері
қ/с |
Ұйымдардың атауы |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
Адам саны |
Қоғамдық жұмыстардың көлемдері |
Қаржыландыру көздері |
1 |
2 |
4 |
5 |
||
1 |
Қала және ауылдық округтері әкімдерінің аппараты |
Көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау |
99 |
34400 шаршы метр, |
Қалалық бюджет |
2 |
«Түркістан жарық-тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау |
122 |
21400 шаршы метр, |
Қалалық бюджет |
3 |
Түркістан қаласы әкімдігінің «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау |
42 |
21100 шаршы метр, |
Қалалық бюджет |
4 |
«Нұр-Отан» Халық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық филиалы |
Көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау |
10 |
1200 шаршы метр, |
Қалалық бюджет |
5 |
Түркістан қаласы әкімдігінің «Түркістан қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Түркістан-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау |
10 |
1300 шаршы метр, |
Қалалық бюджет |
6 |
Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық бөлімі» коммуналдық мекемесі |
Құжаттарды мұрағаттауға көмектесу, хаттарды тарату және ақпараттарды деректер базасына енгізу |
2 1 |
1200 дана 300 дана |
Қалалық бюджет |
7 |
Түркістан қаласы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Көркейту, көгалдандыру, |
1 |
380 шаршы метр, |
Қалалық бюджет |
8 |
«Түркістан қалалық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды мұрағаттауға көмектесу, хаттарды тарату және ақпараттарды деректер базасына енгізу |
2 1 |
1200 дана 300 дана |
Қалалық бюджет |
9 |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету Комитетінің «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Түркістан филиалы |
Құжаттарды мұрағаттау және ақпараттарды деректер базасына енгізу |
12 |
12500 дана |
Қалалық бюджет |
10 |
Түркістан қаласының ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Әлеуметтік мәдени іс-шараларды өткізуге көмектесу |
2 |
Қаладағы 5 мөлтек аудандардың аумағында және 12 ауылдық округ аумағында |
Қалалық бюджет |
11 |
Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік палатасының Түркістан қаласындағы филиалы |
Әлеуметтік мәдени іс-шараларды өткізуге көмектесу |
6 |
Қаладағы 5 мөлтек аудандардың аумағында және 12 ауылдық округ аумағында |
Қалалық бюджет |
12 |
Түркістан қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Әлеуметтік мәдени іс-шараларды өткізуге көмектесу |
4 |
Қаладағы 5 мөлтек аудандардың аумағында және 12 ауылдық округ аумағында |
Қалалық бюджет |
13 |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Әзрет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі |
Көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау |
20 |
11200 шаршы метр, |
Қалалық бюджет |
14 |
Түркістан қаласы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Аймақтарды тазалау |
1 |
400 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
15 |
«Түркістан»-«Туркистон» қалалық газеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Аймақтарды тазалау |
2 |
400 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
16 |
Түркістан қаласы әкімдігінің «Тұрғын–үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің «Түркістан–су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының «Ақбулақ» еншілес кәсіпорны |
Көркейту, көгалдандыру, |
5 |
6400 шаршы метр, |
Қалалық бюджет |
Барлығы: |
650 |
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.