Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 02.02.2016 № 82 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
4. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы қаулыны Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Әбілдабекке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Көшербай
Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 19 ақпандағы
№ 190 қаулысымен бекітілген
2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері
қ/с |
Ұйымдардың атауы |
Қоғамдық жұмысқа қатысушылар саны |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
Қаржыландыру көздері |
Көлемі |
1 |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелері |
38 |
Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсету |
Жергілікті бюджет |
6 ай |
2 |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің ауылдық округі әкімінің аппараттары, Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Бәйдібек аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
150 |
Аймақты көріктендіруге қатысу |
Жергілікті бюджет |
1 ай |
3 |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің ауылдық округі әкімінің аппараттары, Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Бәйдібек аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
60 |
Аулаларды көгалдандыру және ағаш отырғызу |
Жергілікті бюджет |
1 ай |
4 |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелері, Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
64 |
Әлеуметтік маңызы бар және жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу |
Жергілікті бюджет |
1 ай |
Барлығы |
312 |
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.