2015 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 75 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 ақпанда № 3036 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімі орынбасарының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 565 хатымен)

      Сноска. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімі орынбасарының 26.01.2016 № 565 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
      3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
      4. «Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) Осы қаулыны Ордабасы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) Осы қаулыны Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмекке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С.Сапарбаев

Ордабасы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «30» қаңтардағы
№ 75 қаулысымен бекітілген

2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері 

Қ/с

Ұйымдардың атауы

Жұмыс түрлері

Адам саны

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

Қаржыландыру көздері

1

«Ордабасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау, мәтіндерді басу және шығару, хаттарды жеткізу


6

300 бет, 100 хат

Аудандық бюджет

2

«Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұрағат құжаттарын өндеуге көмектесу, құжаттарды тiгу

21

3500 іс

Аудандық бюджет

3

Ордабасы ауданы әкімдігінің «Темірлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Көшелердi және аумақтарды қоқыстардан тазалау, автокөлікке арту

75

144000 шаршы метр

Аудандық бюджет

4

«Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Елді мекендерде қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесу

135

57 елді мекен

Аудандық бюджет

5

«Қажымұхан ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау, факс жіберу, мәтіндерді басу және шығару, хаттарды жеткізу

27

310 бет, 250 хат

Аудандық бюджет

6

«Бадам ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру,көрiктендiру, қоқыстардан тазарту

45

40000 шаршы метр

Аудандық бюджет



7

«Қараспан ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

14 елді мекен аймақтарын көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту

45

40000 шаршы метр

Аудандық бюджет

8

«Төрткөл ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту

45

40000 шаршы метр

Аудандық бюджет

9

«Шұбарсу ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту

45

40000 шаршы метр

Аудандық бюджет



10

«Бөржар ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру,көрiктендiру, қоқыстардан тазарту

28

35000 шаршы метр

Аудандық бюджет

11

«Шұбар ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту

28

35000 шаршы метр

Аудандық бюджет

12

«Қарақұм ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту

15

30000 шаршы метр

Аудандық бюджет

13

«Жеңіс ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту

15

30000 шаршы метр

Аудандық бюджет

14

«Бөген ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту

15

30000 шаршы метр

Аудандық бюджет

15

«Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бiрлестiгiнің Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық филиалы

Құжаттарды дайындауға көмектесу, азаматтардан түскен арыз және үндеулер бойынша курьерлiк жұмыс жасау

5

300 іс, 200 хат

Аудандық бюджет


Барлығы


550



      Ескертпе: Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады