"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Отырар ауданының аумағында егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Жунисовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 20 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі | С.Полатов |
Отырар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 156 қаулысына қосымша |