"Шардара ауданының Шардара қаласы, ауылдық округтер әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелерін қайта атау және олардың ережелерін бекіту туралы" Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 3 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 394 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 қазанда № 3367 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 206 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 29.04.2016 № 206 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 3 "Шардара ауданының Шардара қаласы, ауылдық округтер әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелерін қайта атау және олардың ережелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2996 тіркелген, 2015 жылы 6 ақпандағы "Шартарап - Шарайна" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 4 қосымшасына сәйкес бекітілген "Шардара ауданының Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі тарауы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Шардара ауданының Көксу ауылдық округі әкімі аппаратының "Айлин" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.".
      көрсетілген қаулының 9 қосымшасына сәйкес бекітілген "Шардара ауданының Ақшенгелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі тарауы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Шардара ауданының Ақшенгелді ауылдық округі әкімі аппаратының "Қарлығаш" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.".
      көрсетілген қаулының 10 қосымшасына сәйкес бекітілген "Шардара ауданының Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі тарауы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Шардара ауданының Достық ауылдық округі әкімі аппаратының "Әсел" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.".
      2. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Анашбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі К.Айтуреев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады