"Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 46 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы N 118 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 мамырда N 3975 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 135 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 26.05.2017 № 135 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және 39-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 46 қаулысына нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 3802 болып тіркелген, ("Дидар" газетінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 39 (17128), "Рудный Алтай" газетінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 40 (19639) сандарында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

       15-тармақ мынадай мазмұндағы 78-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "78-1) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;".

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М. Н. Нұрғалиев) заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады