Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштері жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 135 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 маусымда № 5068 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына, 44-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай:

      1) "Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 46 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3802, 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 39 (17128) "Дидар", 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 40 (19639) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының;

      2) "Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 46 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 118 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3975, 2015 жылғы 3 маусымдағы № 62 (17151) "Дидар", 2015 жылғы 4 маусымдағы № 64 (19663) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады