"Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 02 қыркүйектегі N 223 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қыркүйекте N 4153 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 225 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.07.2016 № 225 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 39-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, 164-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысының
       әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы "2 " қыркүйектегі
№ 223 қаулысына қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      7. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070002, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Киев көшесі, 1.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды кешенді іске асыру, Шығыс Қазақстан облысы халқының әр түрлі жігі мен санаттарына сапалы әлеуметтік қызмет ұсыну. Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
      14. Міндеттері:
      1) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықты азайту, жұмыс орындарын ашуға ықпал ету;
      2) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiру;
      3) мүгедектерді оңалту жөніндегі жұмысты үйлестіру;
      4) заңнамада айқындалған құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      5) заңнамада айқындалған құзыреті шегінде халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Функциялары:
      1) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асырады;
      2) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдауды жүзеге асырады;
      3) жұмыссыздарға әлеуметтiк қорғау көрсету бойынша жұмысты үйлестіреді;
      4) халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне (жұмыс күшiне) сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды және халыққа, жергілікті және орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлайды;
      5) Шығыс Қазақстан облысының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
      6) жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына белгіленген квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;
      7) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құруға жәрдемдеседі;
      8) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына белгіленген квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;
      9) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына белгіленген квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;
      10) жастар практикасын ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіреді;
      11) еңбек ресурстарына қажеттілікті қалыптастырады, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастырады және жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі;
      12) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді;
      13) жергілікті атқарушы органмен, жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және қызметкерлердің өңірлік бірлестіктерімен өңірлік келісімдер жасау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      14) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және еңбегіне ақы төлеу жүйесінің параметрлерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қарайды және келіседі;
      15) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс - шараларды жүзеге асыру;
      16) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiруді жүзеге асырады;
      17) ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың құқықтарын, олардың денсаулығы мен мүлкіне келтiрiлген залалды өтеуді қамтамасыз етеді;
      18) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын - үй көмегін көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
       19) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      20) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      21) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құру жөніндегі шараларды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
      22) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуін қамтамасыз етеді;
      23) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
      24) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
      25) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;
      26) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін әзірлейді және оларды облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсынады;
      27) өз құзыретi шегiнде арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
      28) облыс әкімдігіне мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындарды құру туралы ұсыныс енгізеді;
      29) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етедi;
      30) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;
      31) мүгедектердi оңалту жөнiндегi мамандарды, оның iшiнде ымдау тiлiнiң мамандарын, Брайльдiң бедерлi-нүктелiк қарпі бойынша оқитын және жазатын мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      32) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтуды ұйымдастырады;
      33) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етедi;
      34) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      35) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзудi ұйымдастырады;
      36) мүгедектердің қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени - көпшiлiк және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
      37) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
      38) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерiмен айналысатын мемлекеттiк ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      39) ауыр кемiстiктерi бар балаларға күтiм жасау жөніндегі әлеуметтiк көмектi ұйымдастыру мен көрсету жөніндегі қызметтi үйлестiредi;
      40) әлеуметтiк көмек алу және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетiлу құқығын іске асыруды қамтамасыз етедi;
      41) кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларының құқықтарын қорғауды және оларға консультациялық көмек берудi қамтамасыз етедi;
      42) кемтар балалардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседi;
      43) өз құзыры шегiнде тиiстi бюджеттер есебiнен, қайырымдылық қорларының қаражатын тарта отырып, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектерiн және оларға теңестiрiлген адамдарды, олардың жесiрлерiн, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарды әлеуметтiк қорғау және олардың емделу орындарына жүру жолы (барып, қайту) жөнiнде жеңiлдiктер, сондай-ақ материалдық көмек пен көмектiң басқа да түрлерiн көрсету жөнiнде қосымша шаралар белгiлеудi үйлестіреді;
      44) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      45) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға еңбек ресурстарының қажеттiлiгiн ескере отырып, iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      46) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      47) еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;
      48) Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушы мәртебесiн беруге және iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгiзуге қажеттi құжаттарымен қоса берген өтiнiштi қабылдайды;
      49) қоныс аударушы мәртебесін беру, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгізу және ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгізілген қоныс аударушыларға біржолғы жәрдемақылар төлеуді тағайындау туралы шешімдер қабылдайды;
      50) қоныс аударушы куәлiктерiн бередi;
      51) оралмандарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарының, уақытша орналастыру орталықтарының қызметiн ұйымдастырады;
      52) жұмыс берушiлерге тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттарды бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және қайтарып алады;
      53) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын шетелдiк қызметкерлерге халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында жұмысқа орналасуға рұқсаттарды бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және қайтарып алады;
      54) бизнес-көшiп келушiлердiң уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтініш хат бередi;
      55) оралмандарды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;
      56) этникалық қазақтардан оралман мәртебесiн беру туралы қажеттi құжаттарымен қоса берген өтiнiштi қабылдайды;
      57) оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды;
      58) оралман куәліктерін береді;
      59) оралмандарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетеді;
      60) азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау жөнінде жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
      61) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      16. Құқықтары және міндеттері:
      1. Мынадай құқықтары бар:
      1) белгіленген тәртіппен облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдардан "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар, қорытындылар, анықтамалық және өзге материалдарды сұрау және алу;
      2) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және өзге де мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
      3) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық материалдарды дайындау;
      4) әлеуметтік қорғаудың тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссияның жұмысына қатысу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
      2. Міндеттері:
      1) бюджет қаражатының уақтылы және мақсатты игерілуін қамтамасыз етеді;
      2) жүктелген функцияларын орындау заңдылығының сақталуын қамтамасыз етеді;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін және ведомстволық бағынысты ұйымдарының директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдарының директорларын көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      3) "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды.
      4) "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді, "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді және "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіруге сенімхаттар береді;
      6) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Аягөз балалардың психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекеме.
      2. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Бозанбай психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекеме.
      3. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Бородулиха қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекеме.
      4. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Зимовьев психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекеме.
      5. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Зевакин қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекеме.
      6. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекеме.
      7. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Өскемен балалар психоневрология медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      8. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Первомай қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекеме.
      9. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Семей қаласының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекеме.
      10. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Риддер психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекеме.
      11. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Самар қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Серебрянск қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      13. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Уба" шипажайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      14. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Тарбағатай қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекеме.
      15. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Өскемен қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекеме.
      16. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Үржар балалар психоневрология медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      17. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық протез-ортопедиялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады