"Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 95 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі N 248 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 қазанда N 4178 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 39-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, 164-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 95 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3923 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырдағы № 57 (17146) "Дидар", 2015 жылғы 21 мамырдағы № 58 (19657) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі ережесінің:
      15-тармағы мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "18-1) 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысымда немесе судың Цельсийдің 115 градусынан жоғары қызу температурасында жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифттердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
      18-2) қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;".
      2. Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (А. С. Шерубаев) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. А. Гариковқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады