Курчатов қаласы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 9 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 қыркүйекте № 4142 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің 12.06.2019 № 1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, жергілікті және басқа да жағдайларды ескере отырып, сайлаушыларға ең ыңғайлы жағдай жасау мақсатында Курчатов қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. Курчатов қаласы бойынша дауыс беруді жүргізу және дауысты санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
      2. Курчатов қаласы әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2011 жылғы 28 қарашадағы № 21 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылдың 08 желтоқсанындағы 5-3-111 нөмірімен тіркелген, "7 дней" газетінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 50 (852) санында жарияланған);
      2) "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2011 жылғы 28 қарашадағы № 21 Курчатов қаласы әкім шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 02 наурыздағы № 3 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылдың 20 наурызындағы 3767 нөмірімен тіркелген, "7 дней" газетінің 2015 жылғы 02 сәуірдегі № 14 (1014) санында жарияланған).
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау әкім аппаратының басшысы Н.Т. Қошқарбаевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қаласының әкімі Н.Нұрғалиев
      КЕЛІСІЛДІ:
      Қалалық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы С.Смағулов
      "17" тамыз 2015 ж.

  2015 жылғы "17" тамыздағы
№ 9 Курчатов қаласы әкімінің
шешіміне қосымша

Сайлау учаскелерінің шекаралары

№ 292 сайлау учаскесі

      Тәуелсіздік көшесі, 2, қалалық коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын "Қалалық мәдениет үйі" бөлмесі, тел 2 34 54.
      Шекарасы: Абай көшесі, 3, 7, 8, 10, 12, 16, 18, 20, 22, 24, 26, 28, 30 үйлер;
      Алексеенко көшесі, 1, 2, 3, 4, 6 үйлер;
      Железнодорожная көшесі, 1, 2, 3, 4, 5, 7, 8, 9, 10, 11, 17, 18, 25, 34 үйлер;
      Комсомольская көшесі, 1, 3, 9 үйлер;
      Құнанбай көшесі, 10, 11, 12, 13, 15, 17 үйлер;
      Курчатов көшесі, 15 үй;
      Пионерская көшесі, 1, 4, 5 үйлер;
      Победа көшесі, 1, 2, 4, 6 үйлер;
      Қаланың өндірістік аймағының солтүстік жақ көшесі;
      Спортивная көшесі, 4 үй;
      27 шақырым (қыстақ);
      Рожанович көшесі, 1, 2, 3, 5 үйлер;
      Теплоэнергетиков көшесі, 01, 1, 1 Г, 02 Г үйлер;
      Иртышская көшесі, 1, 3, 8 А, 9, 10 үйлер;
      Школьная көшесі, 1, 3, 4, 5 үйлер;
      Тәуелсіздік көшесі, 1-1 М, 1, 3, 4, 5, 6, 6 Б, 12, 17, 19, 21, 31 үйлер;
      Участок көшесі, 11, 19, 20 үйлер.

№ 293 сайлау учаскесі

      Тәуелсіздік көшесі, 10, "Курчатов қаласының мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекеме бөлмесі, тел. 2 38 43.
      Шекарасы: Абай көшесі, 15, 17, 19, 21, 25, 31, 34, 36, 38, 44, 46, үйлер;
      Олимпийская көшесі, 2, 4, 7, 9, 16 үйлер;
      Тәуелсіздік көшесі, 33, 35, 37, 45, 47, 49, 51 үйлер.

№ 294 сайлау учаскесі

      Олимпийская көшесі, 3, "Курчатов қаласының № 3 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекеме бөлмесі, тел. 2 31 68.
      Шекарасы: Абай көшесі, 43, 47, 49 үйлер;
      Олимпийская көшесі, 3, 10, 15, 17, 18, 20, 20 А, 21, 23, 25, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 36, 38, 39, 40 үйлер;
      Совхозная көшесі, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9 үйлер;
      Степная көшесі, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 13, 14, 15, 16, 19, 20 үйлер.

№ 1153 сайлау учаскесі

      Абай көшесі, 10, "ҚР Ішкі істер Министрлігі Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер Департаменті Курчатов қаласының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің уақытша ұстау изоляторы, тел. 2 21 61.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады