Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 18 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруының ошағын жою мақсатында, Бударин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі Бударин ауылы аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 16.11.2015 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
3. Бударин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Е. Есеналиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бударин ауылдық округі әкімі | Р. Каирманов |