РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Бударин ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 1 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі Бударин ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3795 тіркелген, 2015 жылғы 19 ақпанда "Жайық таңы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Бударин ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Е. Есеналиев |