Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі Первомай ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 16 ақпанда № 3817 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарын басшылыққа алып, Қабыршақты ауылдық округі Первомай ауылының халқының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қабыршақты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің Первомай ауылының атаусыз көшелеріне қосымшаға сәйкес атаулар берілсін.
      2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі С. Алманбетова

  Қабыршақты ауылдық
округі әкімінің
2015 жылғы 29 қаңтардағы
№ 1 шешіміне
қосымша

Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі Первомай ауылының
атаусыз көшелерінің атаулары

      «№ 1» жобалық көшесі – «Рахым Жақсылықов» көшесі;
      «№ 2» жобалық көшесі – «М. Әуезов» көшесі;
      «№ 3» жобалық көшесі – «М. Маметова» көшесі;
      «№ 4» жобалық көшесі – «Т. Бокин» көшесі;
      «№ 5» жобалық көшесі – «Бейбітшілік» көшесі;
      «№ 6» жобалық көшесі – «С. Сейфуллин» көшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады