Бөрлі ауданы Қарақұдық ауылдық округі Тихонов ауылындағы көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 9 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 желтоқсанда № 4175 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Тихонов ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қарақұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөрлі ауданы Қарақұдық ауылдық округінің Тихонов ауылындағы көше атаулары:
      "Ленин" көшесі – "Абай" көшесі;
      "Октябрь" көшесі – "Астана" көшесі;
      "Садовая" көшесі – "Абылай хан" көшесі;
      "Новая" көшесі – "Айша бибі" көшесі;
      "Школьная" көшесі – "Ақжайық" көшесі;
      "Гагарин" көшесі – "Жас отау" көшесі;
      "РТС" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Қарақұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г. Буранова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамсыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қарақұдық ауылдық округінің әкімі К. Муканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады